Бас мәзір

АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

WhatsApp Image 2019 11 21 at 18.49.23 1 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау жоспарланған болатын. Осы мақсатта аудан әкімі Н. Тұрашбеков аудан тұрғындарына бүгін сағат таңғы 9:00 ден кешкі 19:00 ге дейін жеке қабылдау өткізді. Аудан бойынша қабылдауға алдын ала жазылғандар саны 7 тұрғын болса, 19:00 ге дейін тағы 3 тұрғын келіп, әкім қабылдауында болды. Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй, әлеуметтік көмек, құрылыс және жұмыс мәселелерін көтерді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғынына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізіп, үй мәселесін айтып келген азаматтарға тұрғын үй қатынастары туралы заңының шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ТҮЛКІБАСТЫҚ БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАР БАТА БЕРУДЕН ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ!

73262112 179178993232662 6568311477390802944 o 2019 жылдың 21 қараша күні Түлкібас аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» атты тақырыпта батагөй қариялар арасында бата беруден аудандық байқаудың ақтық сайысы өтті. Байқаудың мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде дәстүрлі баталарды насихаттау.Байқауға ауданға қарасты 15 ауылдық округ, поселкелерден 11 батагөй қарияларымыз іріктеліп, ақтық сынға жолдама алған болатын. Солар бас жүлдені сарапқа салды.
Тарих тақтасына жазылған көсемдер мен шешендердің тапқыр сөздері бүгінгі ұрпақтың сана-сезіміне ұялап, келешегіне бағыт - бағдар беретін, арман - мақсаттарына жетелейтін өсиет. Оны жеткізушілер сол өнердің қаспағын қырып, сарқытын ішкен аталар. Бабалар өсиетін, сөз саптасын, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қариялар аудандық байқауда өз шеберліктерін ортаға салып, 2 бөлім бойынша сайысқа түсті.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН «АНА МЕН БАЛА» МОНУМЕНТІ АШЫЛДЫ

76727018 179177906566104 4122204826383679488 o Бүгін Түлкібас ауданында көрікті жерлер қатары тағы бір мәдени нысанмен толықты. Аудан орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағының алдынан демеушілер есебінен «Ана мен бала» монументі бой көтерді. Монумент ауданымыздың тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Піралиев Жайлау атамыздың балалары мен немерелерінің қаржыландыруымен іске асқан.
Мәдени нысанның ашылу салтанына аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аналар кеңесінің төрайымы, зиялы қауым мен бұқаралық құрал өкілдері қатысты. 
Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, 
- Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», – деген еді.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАСТЫҚ АРУ ЛАУРА- ЕУРОПАНЫҢ ВИЦЕ-МИССІ!

WhatsApp Image 2019 11 20 at 17.41.03 Түлкібас ауданының тумасы, Алматы қаласының тұрғыны Лаура Мұхтар «Мiss Queen Europe» халықаралық байқауының 1-ші «Вице - мисс» титулын жеңіп алды. Сонымен бірге бағалы сыйлықтар, 50 мың евроны иемденді. 50 мемлекеттен қатысқан арулар арасында қазақстандық ару өзінің сұлулығымен, ақыл-парасатымен әділқазылардың оң бағасына ие болған еді. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі сарапшыларды Лаура киіп шыққан халқымыздың ұлттық киімі мен әшекейлері, қазаққа ғана тән ерекше мәнері, тартымды болмысы, сән-салтанаты тәнті етті. Байқауда арулар сән үлгілерін көрсетіп ғана қоймай, сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін дәлелдеді. Лаура бұған дейін де отандық және шетелдік сұлулық байқауларына қатысып, топ жарып жүрген-ді. Мәселен, былтыр “Алматы аруы” атағын алса, одан кейін Лондонда өткен «Miss USSR UK» сұлулық байқауының вице-миссі атанды.
Жерлесіміз Лаура Серікқызы аудан орталығындағы Ломоносов мектебінің түлегі. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер колледжінде театр факультетін үздік тәмамдаған.

Толығырақ...

АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАРАДЫ

WhatsApp Image 2019 11 20 at 17.35.09 Жақында ғана Тараз қаласында «SILK WAY STARS» байқауы өтті. Оған ауданымыздан бірнеше өнерпаз жастарымыз қатысты. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай алғаш рет өтіп жатқан жарыста ауданымыздың атын шығарып жүрген бұлбұл әнші атанған Диана Ерсерікқызы бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар 1-ші орынды да ауданымыздың өнерлі жасы, Нұрбек Түлеуқұл иеленді. Қазақ драмма театрында өткен байқауға барлығы 40 шақты үміткер бақтарын сынап келген. Жеңімпардарымыздың ұстазы, вокал үйірмесінің жетекшісі Досымхан Сәкенұлының айтуынша, олар осы жетістікке жету үшін аянбай еңбек етіп, байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Шәкірттерін өнер шыңына шығара білген, Аймақтық Әлеуметтік Иновациялық университетінде эстрада вокал класын тәмәмдап, ауылымыздың жастарының өнерге деген ынтасын ашу мақсатында ауданымыздың өнер мектебінде жұмыс атқырып жүрген Д.Сәкенұлының да еңбегі еленіп «Үздік ұстаз» номинациясына ие болды. Оның арманы ауданымыздың атын шығарып, биік белестерді бағындыра алатын жастырдың өнерін шыңдау. Жеңімпаздарымызды құттықтай келе, оларға қажымас қайрат, өнерлеріне шабыт, жетістіктер тілейміз.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg