Әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 2019 жылдың 10 айының қорытындысымен Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы баяндамасы

Жалпы өңірлік өнім

2019 жылдың 8 айының қорытындысымен 40 722,2 млн. теңгені құрап, 98,4% жан басына шаққанда 363,6 мың теңге. (Өткен жылдың тиісті кезеңі 41 396,7 млн. теңге). (Слайд).

Бюджет-қаржы саясаты

2019 жылдың 1 қыркүйегіне аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 15 858,2 млн. теңге, орындалғаны 15 864,6 млн. теңге, немесе 106,3 пайызға орындалды. (Слайд).

2019 жылдың 1 қыркүйегіне ауылдық округ, кент әкімдері аппараттарының кіріс жоспары 135 675,0 мың теңге, орындалғаны 164 562,8 мың теңге немесе 121,3 пайыз.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне бойынша аудан бюджетінің шығыстары 15 917,3 млн теңге жоспарланып, 15 186,3 млн теңге игеріліп, немесе жоспар 95,4 пайызға игерілді. (Слайд).

Бағдарлама әкімшілерінің есеп шотында игерілмеген қаржылар- 730,9 млн теңге, оның ішінде: объективті себептермен (үнемделген) 5,2 млн теңге, субъективті себептермен 725,7 млн теңге (РБ – 622,4 млн теңге, ОБ -72,2 млн теңге) игерілмеген. (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша – 88,6 млн теңге (атаулы әлеуметтік көмек); Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша – 572,0 млн. теңге (29,3 млн. теңге көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары, - 517,3 млн. теңге автожол саласы);Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша - 59600,1 мың теңге: (Рысқұлов ауылы Пушкин және Бағысбаев көшелері қиылысындағы 64 пәтерлі 3 тұрғын үй №3, №6 үйлердің құрылысы).

Инвестиция

Ауданға тартылған инвестициялар көлемі 2019 жылдың 8 айының қорытындысымен 9 125,1 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге өсіп, оның ішінде 3 307,9 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен, 2 120,4 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 2 518,7 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен, 1 178,2 млн. теңгесі қарыз инвестиция есебінен тартылды. (Облыстық көрсеткіш 133,6% ; Аудан облыс бойынша 6 орында). (Слайд).

Өнеркәсіп

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын арттыру мақсатында 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 3 орта, 24 кіші және 4 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда, оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны- 22, мезгілді жұмыс атқаратыны – 10. (Слайд).

Нәтижесінде 9 453,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 98,7 пайызды құрады. (Облыстық көрсеткіш 105,8%; Аудан облыс бойынша 16 орында). (Слайд).

Бөлшек сауда тауар айналымы қорытындысымен 4 401,6 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0% құрады. (Облыстық көрсеткіш 104,0%; Аудан облыс бойынша 10 орында). (Слайд).

Түлкібас ауданы бойынша 179 жоба 920,9 млн. теңгеге қаржыландырылды. Оның "Ырыс" МҚҰ" ЖШС 28 жоба, 177,5 млн. теңгеге, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ 74 жоба 261,0 млн. теңгеге, "Түлкібас несие серіктестігі" ЖШС 69 жоба 447,5 млн. теңгеге қаржыландырылды. Қазіргі таңда 69 жобаның құжаттары толығымен рәсімделіп, қаржы ұйымдарына өтініштері жолданды және 37 жоба «Бастау Биснес» бағдарламасына сәйкес қайтарымсыз грантқа ие болды. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 жоба 261,9 млн.теңге көлемінде (10 жоба мал шаруашылығы және 1 жоба алма бау) жеңілдетілген несие алуға ниет білдірген. Қазіргі таңда барлық жобалардың құжаттары рәсімделіп, «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-на өтініш жолданған. Оның ішінде 3 жоба қолдау тауып, 8 жобаға комиссия қорытындысы күтілуде.

Ауылшарушылық саласы

Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2019 жылдың 8 айының қорытындысымен 23 399,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 105,3 пайызды құрады. (Облыстық көрсеткіш 104,2%; Аудан облыс бойынша 3 орында). (Слайд).

Ірі қара мал басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4% (49,6 мың бас), қой 90,7% (100,6 мың бас), ешкі 95,0% (4,9 мың бас), жылқы 114,6% (27,3 мың бас), түйе 90,9% (0,01 мың бас), шошқа 79,1% (0,6 мың бас), құс 97,8% (132,0 мың бас), пайызды құрады. (Слайд).

Ет өндіру – 100,0% (11 254,0 тн), сүт – 104,7% (39 919,2 тн), жұмыртқа – 100,5% (11,7 млн. дана). (Слайд).

2019 жылдың 8 айының қорытындысымен 250 гектарға бау егу жоспарланған, қазіргі таңға егілген бау 213 га немесе 85,5% құрады. Орындалу жоспары жыл қорытындысымен жүргізіледі деп күтілуде. (Слайд).

Сонымен қатар жанғақ егу 125 гектарға жоспарланып, қазіргі таңға жоспар толығымен орындалды. (Слайд).

Түркістан облысы мал шаруашылығын дамыту іс – шараларының ауданда 10 – 15 басқа арналған 35 шағын мал бордақылау алаңдары, 5-10 бастық 28 жанұялық сүт фермасы құрылды. (Слайд).

Білім саласы

2019 жылдың 8 айының қорытындысымен мектепке дейінгі 18 мемлекеттік, 31 жекеменшік әріптестік шеңберіндегі балабақшада және 26 мектеп жанындағы шағын орталықта барлығы 6470 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші 100,0% құрады. (Слайд).

Денсаулық сақтау саласы

2019 жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда 1539 бала туылып, 12 бала өлімі тіркелген (2018 жылы тиісті кезеңінде 13 бала өлімі тіркелген). Ана өлімі тіркелмеген. (Слайд).

Әлеуметтік саласы

Аудан бойынша 8 айының қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 56,1 мың адамды құраса (Өткен жылдың тиісті кезеңінде 57,2 мың адам болған), Жұмыспен қамтылғандар 53,2 мың адам (Өткен жылдың тиісті кезеңінде 54,2 мың адам болған). Жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. (Слайд).

Атаулы әлеуметтік көмек 3685 отбасыға 3,3 млрд. теңге тағайындалып, 1,4 млрд. теңгесі төленді. (Республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге, аудандық бюджеттен 0,1 млрд. теңге бөлінді). АӘК алушылардың ішінде жеке қосалқы шаруашылығын іске асыруға 1701 отбасы мал шаруашылығына, 174 отбасы құс шаруашылығын көбейтуге, 146 отбасы тұрмыстық техника алуға және басқалар 184 отбасы. АӘК алушы отбасының 1559 азаматы жұмыспен қамту шараларына қатысып, оның 1416 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылып, 30 азамат өз ісін ашты. (Слайд).

АӘК алушы 190 отбасыға қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінен 68 отбасыға АӘК тоқтатылып бюджетке 20,3 млн. теңгесін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Ал 122 отбасыға АӘК мөлшері азайтылып, яғни 159,2 млн.теңгеден 131,8 млн. теңгеге кеміп, 27,4 млн. теңге қаржы үнемделді.

Құрылыс саласы

2019 жылдың 8 айының қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемі 3 467,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызды құрады. (Облыстық көрсеткіш 106,6 %; Аудан облыс бойынша 9 орында). (Слайд).

2019 жылдың 8 айының қорытындысымен 14 864 ш.м тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,4 пайызды құрады. (Облыстық көрсеткіш 127,0 %; Аудан облыс бойынша 12 орында).

Ауыз су саласы

Аудандағы 62 елді мекеннің 59 елді мекені 99,5% орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Су құбырымен қамтылған 59 елді мекеннің 58 елді мекенінде тәулігіне 24 сағат, 1 елді мекеніне (Машат ауылында) ауыз су кестемен берілуде. (Слайд).

Аудандық бюджеттен ағымдағы жөндеу жұмыстарына:

Ағымдағы жылы ауданның 7 елді мекенінің (Құлан, Жаңаталап, Машат, Абайыл, Қарағашты, Т.Рысқұлов, Көктерек) ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу, су көздерінің химиялық және бактериологиялық жұмыстары жүргізілуіне 37,4 млн. теңгеге бөлініп, 32,9 млн. теңгесі игерілді. (Слайд).

Көгалдандыру және абаттандыру

Аудандық бюджеттен аудандағы 5 елді мекенінің (Батыс Европа – Батыс Қытай автомагистралының аймағын, Түлкібас, Майтөбе, Састөбе,Т.Рысқұлов) ішкі көшелерін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 199,3 млн. теңге бөлініп, 52,0 млн. теңгесі игерілді. (Слайд).

Автожол саласы

Республикалық бюджеттен:

Аудандағы («Дауан-Бақыбек», «Керейт-Мақталы», «РЗД-115», «Тастыбұлақ-Көксағыз-Майтөбе-Қожамберді», «Қызылбастау-Машат», «Машат-Мыңбай»), 6 нысан бойынша автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына 1 215,7 млн. теңге бөлініп, 278,0 млн. теңгесі игерілді. (Слайд).

Аудандық бюджеттен:

Аудандағы (Қызылбастау, Машат, Т.Рысқұлов) 3 елді мекеннің көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарына 103,4 млн. теңге бөлініп, 90,2 млн. теңгесі игерілді.

Аудандағы (Састөбе, Майтөбе, Түлкібас, Т.Рысқұлов, Шұқырбұлақ, Ирсу) 6 елді мекеннің көшелерін орташа жөндеу және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 544,4 млн. теңге бөлініп, 218,2 млн. теңгесі игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша (Састөбе, Майтөбе, Түлкібас, Т.Рысқұлов, Таусағыз) 5 елді мекеннің ұзындығы 9,0 шақырым құрайтын көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 106,8 млн. теңге бөлініп, 91,5 млн. теңгесі игерілді.

Электр желілері

Облыстық бюджеттен Т.Рысқұлов және Азаттық ауылдарының ішкі көшелеріне электр желілерін тартып, трансформатор орнатуға 70,2 млн. теңге бөлініп, 64,5 млн. теңгесі игерілді. (Слайд).

Аудандық бюджеттен аудандағы 8 елді мекеннің (Амангелді, Пістелі, Мақталы, Түлкібас, Жаскешу, Рысқұл, Шақпақ-баба, Кершетас) ішкі көшелерін жарықтандыру жұмыстарына 36,1 млн. теңге бөлініп, 30,3 млн. теңгесі игерілді.

Қоғамдық қауіпсіздік

2019 жылдың 8 айының қорытындысымен аудан көлемінде барлық бағыт бойынша 228 құқық бұзушылық қылмыстар тіркелген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 56 құқық бұзушылық қылмысқа немесе 19,7 пайызға кеміген. Барлық қылмыстың ашылуы 86,5 пайызды құрады. (Слайд).

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg