Мемлекеттік органның ережесі

Мемлекеттік органның ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Осы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оған жүктелген функцияларды орындау процесінде Түлкібас ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі - Аппараттың) қызметінің жалпы ережелерін белгілейді.
Түлкібас ауданы әкімінің аппараты – Түлкібас ауданы әкімдігінің және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
2. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370 заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы регламентке сәйкес іске асырылады.
Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жұмысты жоспарлау
3. Аппарат өз қызметін Аппараттың Ережесіне, Стратегиялық, Опреациялық жоспарларға және тоқсан сайынғы, жылдық, ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Аппараттың жұмыс жоспарын құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша Аппарат басшысы кезекті кезең басталғанға дейін 5 күнтізбелік күн бұрын бекітеді.
Бекітілген жұмыс жоспары құрылымдық бөлімшелерге, танысуға және орындауға жіберіледі.
4. Аппараттың жұмыс жоспарларынан іс-шараларды алып тастауды немесе олардың орындалу мерзімдерін ауыстыруды құрылымдық бөлімшенің басшысы ұсынған қызметтік жазбаның негізінде Аппарат басшысы шешеді.
3. Түлкібас ауданы әкімдігінің отырыстарын жоспарлау, дайындау және оны өткізу тәртібі
5. Түлкібас ауданы әкімдігінің отырысын жоспарлау, дайындау, өткізу және олардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2007 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңының, Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 24 қарашадағы №496 қаулысымен бекітілген Түлкібас ауданы әкімдігінің регламентіне және өзге де актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
6. Түлкібас ауданы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында Аппарат қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдардан тиісті мәліметтер, ақпарат алуға құқылы. Аппарат басшысы және қызметшілері (бөлімше меңгерушілері, бас инспекторлар, бас мамандар) аудандағы ауылдық округ, поселке әкімдерінен және олардың аппараттарынан, дербес бөлімдерден Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларын; облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің және тапсырмаларының уақтылы орындалуын талап етуге және орындалуы туралы мәлімет, ақпарат талап етуге құқылы. Орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда заңға сәйкес оларға тиісті шара қолдану туралы аудан әкіміне ұсыныс беруге құқылы. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды Аппараттың ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімі жүргізеді.
5. Арыз-шағымдарды, өтініштерді, кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, ресімдеу, өткізу, қарау
7. Аппарат арыз-шағымдарды, өтініштерді, кіріс, шығыс хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қабылдау, тіркеу, қарау және өткізу Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы N107, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы N221 Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
8. Аппараттың жалпы бөлімі арыз-шағымдарды, өтініштерді, кіріс хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды жұмыс күндері сағ. 9-00-ден 19-00-ге дейін қабылдайды.
9. Аппаратқа келіп түсетін арыз-шағымдарды, өтініштерді, кіріс хат-хабарлар (әрі қарай - Құжаттар) қабылдау күні және уақыты көрсетіліп, қол қойылып қабылданады.
10. Қабылданған құжаттарды Жалпы бөлімнің басшысы қарап шығып, қызметкерлері тіркеу мөріне нөмірін, күнін және парақтардың санын көрсете отырып тіркейді. Бақылауға алынуға тиіс құжаттарға «Бақылау» мөрі басылады.
11. Жалпы бөлім тіркелген құжаттарды Аппарат басшысына береді. Аппарат басшысы құжаттарды аудан әкіміне береді. Аудан әкімі құжаттарды қарап шығып, тиістілігіне байланысты жұмыс жасау үшін бұрыштамасымен тапсырма береді. Қойылған бұрыштамаға сәйкес Жалпы бөлім құжаттарды тиісті мекемелерге немесе лауазым иелеріне туркеу журналына қол қойдырып табыстайды. Жалпы бөлім басшысы арыз-шағымдарға, өтініштерге, хаттарға уақтылы жауап берілуін қадағалайды.
Шұғыл хат-хабарлар келіп түскен сәтте көшірмесі құзыретіне қарай тиісті мекемеге дереу жіберіледі.
12. Шығыс хат-хабарларын дайындау, келісу және ресімдеу Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңдарына, осы Регламентке және басқа ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді.
14. Арыз-шағымдарға, өтініштерге жауаптар Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
15. Аппараттың атынан берілетін жауаптарға, шығыс хат-хабарларға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы қол қою құқығына ие.
16. Қол қойылған хат-хабарларды, жауаптарды Жалпы бөлім шығыс журналына тіркеп, тиісті мекен-жайға жолдауы тиіс.
6. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, ресімдеу және келісу тәртібі
17. Түлкібас ауданы әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімі мен өкім жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы" N773 қаулысының, аудан әкімдігінің регламентінің және осы Регламенттің талаптарына сәйкес тиісті бөлімдер, бөлімшелер жүзеге асырады.
18. Түлкібас ауданы әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімі мен өкім жобаларын әзірлеуші бөлімдер мен бөлімшелер жобаны аппараттың заң бөліміне құқықтық сараптамадан өткізу үшін ұсынады. Заң бөлімі үш жұмыс күн ішінде жобаны құқықтық сараптамадан өткізеді.
19. Құқықтық сараптамадан өткен жобаға Заң бөлімі қол қойғаннан кейін, әзірлеуші Жалпы бөлімнен Елтаңбалық бланкі алып, жобаны бланкіге шығарады.
20. Аудан әкімдігінің қаулыларының артқы жағына орындаушы, орындаушының бөлім бастығы, заң бөлімінің басшысы немесе қызметкері және әкімдік мүшелері қол қояды. Аудан әкімінің шешім мен өкімдерінің артқы жағына орындаушы, орындаушының бөлім бастығы, заң бөлімінің басшысы немесе қызметкері, аппарат басшысы және/немесе осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары қол қояды.
21. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді тіркеуге ұсынуды, БАҚ-та ресми жариялауды, жобаны әзірлеуші бөлім немесе бөлімше қамтамасыз етуі тиіс.
7. Жұмыс уақытының режимі
22. Аппаратта жұмыс уақытының режимі мынадай:
Жұмыс күндері: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма.
Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі.
Жұмыс уақыты: Сағат 9-00 ден 19-00 ге дейін.
Түскі үзіліс: Сағат 13-00 ден 15-00 ге дейін.
Жұмыс режимінің уақытысы Еңбек кодексіне сәйкес аудан әкімінің өкімімен өзгертілуі мүмкін.
Аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес үстеме жұмысқа тартылуы мүмкін.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg