Түлкібас ауданының тарихы

Түлкібас ауданының тарихы

         Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды.
            1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка ауылы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 10 әкім басқарған.
      1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка ауылы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы - Тұрар Рысқұлов болып аталады.
          Аудан басшылары: Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы - аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары - Жанесен Марат Сүгірәліұлы, Жабағы Асхат Базарбайұлы.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg