Аймақ туралы ақпарат

Аймақ туралы ақпарат

Жалпы ақпарат

art01

Почталық мекен жайы: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 201 үй.

Байланыс телефондары: 8(72538) 52-988.

Электрондық мекен жайы: Тul_pressa@mail.ru

Түлкібас ауданы - облыстың оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылды.



Орталығы - Тұрар Рысқұлов ауылы
Тұрғындар саны 111 200 адам (2017)
Жерінің аумағы 2,3 мың км2

Анықтама  телефондары:

160 - Пайдаланушыларды қолдау орталығы

165 - Орталандырылған жөндеу бюросы

169- Анықтама бюросы

195 - Жеке шоттағы  туралы  хабарландыру 

8-800-080-6456 - Megalin  пайдаланушылардың қолдау орталығы

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы

Аудан аумағындағы өнім өндірудің негізгі үлесі:  «Састөбе цемент» ЖШС, «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «Ауыл құрылыс» ЖШС (кірпіш зауыты), «Көктерек мелкомбинаты» ЖШС, «Түлкібас жолдары» ЖШС-тері  мен шағын және кәсіпорындар  «Дос Би» ЖШС, «Авеню»  ЖШС, «Стас и К» ӨК, «Балықты кірпіш» ЖШС, «Ақсанат инжиниринг» ЖШС, «Азия Фуд Компани» ЖШС, «Арсен Ас» ЖШС, «Байтерек-4» ЖШС, «Майлыкент Сүт» СТК, «Түлкібас Нан» ЖШС, «Үміт СД» ЖШС, «Кас Бетон» ЖШС.

Ауданда 26 ұлттың өкілі тұрады. Аудан халықаралық көлік магистральдің желісінде орналасқан. Түлібас ауданынан Шымкент-Самара автомагистралі кесіп өтеді. Ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымында этно-клуб, спорттық сауықтыру комплексі, қонақ үйлер, мейрамханалар, туристік қонақ үйлер, салатанат үйлері т.б. жұмыс жасайды. 58 жалпы білім беру мекемесі, Түлкібас агробинес және саяхат   колледждері бар.   Денсаулық сақтау мекемелерінен 5 - аурухана, 1- емхана, 40- МП, 11 -дәрігерлік амбулатория, 25- дәріхана,  2 - жедел жәрдем бөлімі мен  «Ақсу-Жабағылы», «Ақбұлақ» және "Балықты санаториялары", "Тері венерологиялық және өкпе құрт диспансері" бар.

Көрнекті орындар

art03Ауданымыздағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік – батыс сілемдеріне орналасқан. Қорық - ерекше қорғалатын аймақ, оның жалпы көлемі - 85754 га, екі мемлекетпен - Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында жайғасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің бай қазынасы. Соңғы деректерге қарағанда қорық территориясында құстың 267, сүт қоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді екен.

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар. Қорық өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 63, қынаның 64-тен астам, қозықұйрықтың 235, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі. Ақсу-Жабағылы қорығының палеонтологиялық 2 бөлімі бар: «Әулие» (100 га) және «Қарабастау» (125 га). Ол жерлерде Юра дәуірін (140 млн жыл бұрын) мекендеушілерінің, яғни өсімдіктердің, балықтардың, алып кесірткелердің (динозаврлардың) іздері қатып қалған.

 

Түлкібас ауданының территориясы солтүстігінде Бәйдібек, шығысында Жуалы (Жамбыл облысы), батысында Сайрам, оңтүстігінде Төлеби аудандарының жер аумағымен шектеседі.

 

Түлкібас ауданы 13 ауылдық, 2 поселкеден тұрады.

АҚБИІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы - Құлан ауылы. Елді мекендері: Құлан, Ақбиік, Сәртөр.
Халық саны: 3919 адам
Округінің барлық жер көлемі: 14413 га.
Аймақта арнаулы су қоймалары өзендерге ағып өтеді. Арналардың үсті шөбі шүйгін, жері ылғал, таулы жасыл желекке бөленген. Табиғаты әсем.  ҚЫЗЫЛЕБЕЛ ТӨРТКҮЛІ, 8-12 ғ.ғ. Сарытөр ауылынан 6 шақырым (км) солтүстік шығыста, Қызылебел асуынан түсе берісте, Құлан өзенінің сол жағалық терассасында орналасқан.
ТАС ҚҰРЫЛЫСТАР, 17-18 ғ.ғ. құлан ауылынан 10 шақырым (км) солтүстік – шығыста, Құлан өзеніне құятын Әбішбұлақтың оң жағасында орналасқан.


АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы – Керейт ауылы. Елді мекендер: Керейт, Мақталы, Қайыршақты.
Халық саны: 3452 адам.
Округтің барлық жер көлемі 13599 га.
ДЕГЕЛЕК ЖАР ЕЛДІ МЕКЕНІ, 10-12 ғғ. Керейт ауылынан 0,5 шақырым (км) шығыста, арыс өзенінің оң жағасында орналасқан.
КЕРЕЙТ ҚАЛАШЫҒЫ, 6-10 ғ.ғ. Арыс өзенінің оң жағасындағы Ақтас бұлағының сол жағасында орналасқан.
ҚАРАҮҢГІР ТҰРАҒЫ, б.з.д. 5-4 мың ж. мақталы ауылынан 10 км солтүстікте Қараүңгір өзенінің сол жағасында орналасқан.

БАЛЫҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы - Балықты ауылы. Елді мекендері: Балықты, Шарапкент, Көкбұлақ, Ұрбұлақ Абай.Халық саны: 9859 адам.Округтың барлық жер көлемі: 15545 га.
Балықты ауылына ежелден қазақтар қоныстанған. Халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнермен айналысқан. Көне замандарда Балықты, Шарапкент, Көкбұлақ, Ұрбұлақ ауылдарының орындарында қорғандар мен бекеттер болған.Балықты ауыл округінің елді мекендері Арыс, Балықты, Көкбұлақ, Ұрбұлақ өзендерін бойлай орналасқан. Оңтүстіктегі Теріскей Алатаумен, солтүстігінде Қаратау сәлемдерімен, Батысында Арыс ауылдық округімен, шығысында Жазық кешу өңірімен шектеседі. Ұлы жібек жолының Төрткүлтөбе қорғанына қарай бұрылатын бір бұтағы осы Балықты ауылын аралап өтеді.
КІШІ КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІ , 8-12 ғғ. Абай ауылының батысында, Кіші Көкбұлақ өзенінің оң жағасында орналасқан.
ТӨРКҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ, 8-12 ғғ. Шарапкент ауылының батыс шетінде, Балықты өзенінің сол жағасында, оның Арыс өзеніне құяр жерінен 0,8 (км) шақырым шығыста орналасқан.

ЖАБАҒЫЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы – Жабағылы ауылы. Елді мекендері: Жабағылы, Абайл, РЗД-117.
Халық саны: 3368 адам.
Округтың барлық жер көлемі: 4832 га.
Жабағылы елді мекені 1805 жылдары құрылған.
ҚАСҚАБҰЛАҚ ТАСҚА САЛЫНҒАН СУРЕТТЕРІ, (қола және ерте темір ғасыры) Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорық территориясында теңіз деңгейінен 3300 (км) шақырым биіктіктегі қатты тотыққан ірі кесек тастардың бетіне салынған. Мұздықтар жылжытып әкелген бұл тастар не топ болып үсті шымдалған дөңдерде, құлама сайлардың беткейлерінде, қар басып жатқан шұңқырлардың айналасында орналасқан.
ТАЛДЫБҰЛАҚ ҮҢГІРІ, Жабағылы ауылынан 3 км батыста, Талдыбұлақ өзенінің оң жағасында орналасқан өзеннің деңгейінен 60 м биіктікте орналасқан.

ЖАСКЕШУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы - Жаскешу ауылы. Елді мекендері: Жаскешу, Рысқұл, Жанұзақ, Пістелі.
Халық саны: 6747 адам.
Округтың барлық жер көлемі: 12967 га.
Жаскешу ауыл округі аймағына Жаскешу, Рысқұл,Жанұзақ және пістелі елді мекендері кіреді. Аймақтың аумағы Тәңіртаудан Теріскейге қарай Қаратауд бөктеріне дейінгі жерді алып жатыр.
ЖАРТЫ ТӨБЕ ЕЛДІ МЕКЕНІ, 1-4 ғғ. Жаскешу аулының шығыс шетінде Арыс өзенінің сол жағасында орналасқан.
НАЙМАНТӨБЕ ЕЛДІ МЕКЕНІ, 8-10 ғғ. Жаскешу ауылының шығыс шетінде Арыс өзенінің оң жағасында сүйірленіп келген қалдығында, жылғаға бұлақтың құяр жерінде жақын орналасқан.
ЖАСКЕШУ ЕЛДІ МЕКЕНІ, 5-8 ғғ. Ауылдың батыс шетінде, Балықты өзенінің басталған жерінде көлдің ең биік сол жағалық жарқабағында орналасқан.

КЕЛТЕМАШАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы – Кершетас ауылы. Елді мекендері: Келтемашат, Кершетас, Жиынбай, Қоғалы, Төркүл, Даубаба ІІ, Даубаба І, Ақсай.
Халық саны: 4997 адам.
Округтің барлық жер көлемі; 23912 га.
Келтемашат ауылы – ертеден келе жатқан елді мекен. 1850 жылдары Жиынбай Жақанұлы бастаған жұрт келіп қоныстанды.
КЕРШЕТАС ЕЛДІ МЕКЕНІ, 6-9 ғғ. Машат өзенінің оң жағасында,Бабаүңгір өткеліндегі егістік алқабында Кершетас ауылынан 2 (км) шақырым батыста орналасқан.
                

КЕМЕРБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы-Кемербастау ауылы. Елді мекендері: Кемербастау, Күмісбастау, Елтай, ІІ-Түлкібас, Алғабас, Майлыкент станцасы, 117 разъезд.
Халық сан: 4804 адам.
Округтың барлық жер көлемі 11450 га.
Күмісбастау ауылы арқылы Ақсу-Жабағылы қорығының батыс жағында, алатаудың әсем аймағындағы сұлу елді мекен болып табылады. Кеңес Үкіметі орнағанға дейін бұл елді мекен Қостөбе деп талған.

МАЙЛЫКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы – Т.Рысқұлов ауылы. Елді мекендері: Т.Рысқұлов, Бақыбек, Дауан.
Халық саны: 21804 адам.
Округтың барлық жер көлемі:1101,7 га
ҚҰЛАНТӨБЕ ЕЛДІ МЕКЕНІ, 4-8 ғғ. Т. Рысқұлов ауылының батыс шетінде, Құлан өзенінің оң жағасында, Шымкент – Тараз тас жолындағы көпірге жақын орналасқан.
ЖАМБАСАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІ (ВАННОВСКОЕ),6-9 ғғ. Т.Рысқұлов ауылының оңтүстік – батыс шетінде, Жамбасарық өзенінің сол жағасында, Т.Рысқұлов – Түлкібас жолының жиегінде орналасқан.
ТЕРЕҢСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІ, 6-9 ғғ. «Алаңды төбе» Бақыбек ауылынан 3 (км) шақырым шығыста, терең сайдың сол жағындағы бұлақтың жанында орналасқан.

 

МАШАТ  АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы – Машат ауылы. Елді мекендер: Машат,Мыңбай, Еңбек, Қызылбастау, Еңбекші.
Халық саны: 5060 адам.
Округтің барлық жер көлемі: 13599 га.
Машат ауылдық округі табиғаты әсем өңірлерде орналасқан. Арыс және Машат өзендері аймаққа сән беріп, Сырдария өзеніне барып құяды.
Машат ауылдық округі оңтүстігінде Төлеби ауданымен батысында Сайрам ауданымен, солтүстігінде Бәйдібек ауданымен шектеседі.  

 

МИЧУРИН  АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы - Майтөбе ауылы. Елді мекендер: Майтөбе, Кенаф, Каучук, Қожамберді.
Халық саны: 7231 адам.
Округтің барлық жер көлемі: 7520 га.
ШӨЛТӨБЕ ЕЛДІ МЕКЕНІ, 5-8 ғғ. Мичурин ауылынан 2 (км) шақырым шығыста, екі өзектің оң жағасына жақын орналасқан.


РЫСҚҰЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы – Азаттық ауылы. Елді мекендері: Азаттық, Шұқырбұлақ, Қызыл-Әскер, Жаңаталап.
Халық саны: 7055 адам.
Округтің барлық жер көлемі: 12500 га.
Ұлы жібек жолының бойында орналасқан.Азаттық ауылының тарихы да тереңде жатыр. Осыдан үш ғасыр уақыт бұрын бұл жерде Сарайшық деген үлкен керуен сарай болған.
ҚАРАУЫЛ ТӨБЕ, 8-12 ғғ.Азаттық ауылынан 1 км сөлтүстік-шығыста, Құлан өзенінің Арысқа құяр жерінен солтүстікте, Түлкібас тауының ең биік жерінде орналасқан.


САСТӨБЕ ПОСЕЛКЕСІ

Орталығы Састөбе поселкесі. Елді мекендері: Састөбе, Ынтымақ, Қызыл-Ту,
Халық саны: 8614 адам.
Ауыл шаруашылық жер көлемі: 3506 га.
Ертеректе Сазтөбе және Тастөбе тауларының баурайында Жыланды ауылы болған. 1920-1925 жылдары Транссібір темір жолының құрылысына байланысты Жыланды ауылының тұрғындары қазіргі поселкенің орнына қарай жылжыды. Өзге жақтардан да адамдар келіп қоныстанады. 1932-1933 жылдары екі әк күйдіретін «Жұмыскер» артелі құрылады Сол тұстарда төрт жылдық мектеп пен байланыс бөлімі салынады.1930 жылдан бастап елді мекен Сазтөбе мен Тастөбе тауларына байланысты Састөбе аталады.


ТАСТҰМСЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Орталығы - Тастұмсық ауылы.
Халық саны: 4137 адам.
Округтің барлық жер көлемі: 8452 га.
ЖЫЛАНДЫ ТАУЛАРЫ, б.з. 1 мың Жаңаталап ауылынан 4,5 км солтүстік-шығыста, Жыланды өзенінің оң жағасында орналасқан.
Қарабастау тасқа салынған суретері, қола дәуірі ерет темір ғасыры. Қарабастау шоқысы Қарабастау ауылынан 1,5 км оңтүстік шығыста орналасқан.
Тастұмсық жотасы, ерте темір ғасыры. Тастұмсық ауылынан батыс шетінде орналасқан.

ТҮЛКІБАС ПОСЕЛКЕСІ

Орталығы - Түлкібас поселкесі. Елді мекендері: Түлкібас, Көктерек, Иірсу және Казарма.
Халық саны: 12978 адам.
Түлкібас ауданындағы ірі әлеуметтік-экономикалық округтің бірі - Түлкібас кенті. Түлкібас стансасы – тоғыз жолдың торабында, еліміздің күре тамыры Транссібір темір жолы бойындағы ірі елді мекен.
ТАҚИЯТӨБЕ ЕЛДІ МЕКЕНІ. 10-12 ғғ. Иірсу ауылынан 1,3 км оңтүстік шығыста иірсу өзенінің сол жағасындағы Иірсу елді мекенінің жанынан басталатын шатқалдың ауызынан 0,7 км жерде, шатқалдың сол жағасындағы көлемі 34-37х52-57 биіктігі 16 м төбенің үстінде орналасқан.


ШАҚПАҚ АУЫЛ ОКРУГІ

Орталығы – Шақпақ ауылы. Елді мекендері:Шақпақ баба, 114 разъезд.
Халық саны: 3880 адам.
Округтің барлық жер көлемі: 14098 га.
Шақпақ ауылдық округінің орталығы Шақпақ баба ауылы табиғаты әсем, жері құнарлы өңірде орналасқан.   Шақпақ баба ауылының түбінен Арыс өзені басталады. Ауыл  ішінен Ұлы Жібек жолы өтеді.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg