Жеке жұмысты қалай ашуға болады?

Жеке жұмысты қалай ашуға болады?

Өз бизнесіңді ашу үшін, бірінші кезекте ол үшін заңды тұлға жасау қажет пе деген сұрақты шешу керек, себебі заңнама кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде жасауды қарастырған.

Егер заңды тұлға жасағыңыз келсе, өз қызметіңіздің негізгі мақсаты негізінде түрін анықтап алу қажет (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірічстік кооператив, холдинг және т.б).

Назар аударыңыз!
Мемлекеттік тіркеуден кейін сіз фирма қызметіне толық мемлекеттік реестрден шыққанға дейін жауап бересіз. Заңнамаға сәйкес коммерциялық қызмет ашқан заңды тұлғалардың келесі түрлерін қарастырады: жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), жауакершілігі қосымша серіктестік (ЖҚС), толық серіктестік (ТС), коммандитті серіктестік (КС), өндірістік кооператив (ӨК) немесе акционерлік қоғам (АҚ), жеке кәсіпкерлік (ЖК).

Заңды тұлғалар категорияларының негізгі ұғымдары

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлеске бөлінетін жарғылық капитал жасайтын бір немесе бірнеше тұлғамен құрылады. ЖШС өз иелігіндегі мүлікке міндеттілігімен жауап бере отырып, құрамындағы адамдар үшін же жауап береді.
ЖҚС қатысушыларының ЖШС-дан айырмашылығыжарғылық капиталға өзінің салым салу міндетімен жауап береді, егер бұл сома жетіспейтін болса қосымша мүлік көлемінде салынады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылар салымының бірлестігімен жүзге асады, құрылтайшылар салымының алғашқы өлшемі айлық есептік көрсеткіштің 100 өлшемімен өлешенеді. Тіркелгеннен кейін жарғылық капиталға мерзімі бір жылдан көп емес уақытта салу керек.

ӨК дегеніміз - өз еркімен біріккен азаматтардың бірлескен кәсіпкерлігін құру мақсатындағы мүшелердің мүліктік жинағы негізінде құрылатын бірлестік. Мұның серіктестіктен айырмашылығы жарғылық капиталдың болмауы, өндірістік кооператив құрылтайшылары екіден кем болмауы тиіс, кооператив мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша қосымша жауап береді.

Толық серіктестік деп толық серіктестіктің мүлкі жетіспеген жағдайда мойнындағы барлық мүліктің міндетемелеріне жауап беретін қатысушылары бар серіктестікті айтамыз. Коммандитті серіктестікке серіктестік міндеттемелеріне қосымша жауап беретін бір немесе бірнеше қатысушысы бар серіктестік жатады, олардың жауапкершілігі жарғылық капиталға салған салыммен шектеледі.

АҚ дегеніміз өз қызметін жүзеге асыру үшін жабдық жинау мақсатында акция шығаратын заңды тұлға.

Заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-хұқықтық түрін анықтап алғаннан кейін кәсіпорынды тіркетіп, заңды тұлға дәрежесін алу керек.

Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.
 

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg