Заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу

Заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу

Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу және қайта тіркеу, заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу

Тіркеуші орган

1)ХҚКО – заңды тұлғалардың, филиал және өкілдіктерінің құжаттарын қабылдауды және беруді іске асырады.
2) Аймақтық әділет органдары заңды тұлғалар, филиал және өкілдіктерді мекен-жайы бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. 

Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тізімі
•    Тіркеуші орган бекіткен үлгідегі өтініш;
•    жарғы;
•    бірден артық құрылтайшылар қатарында құрылтайшылық келісім-шарт (қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі, мекемелер);
•    заңды тұлғаның өкілетті органының немесе заңды тұлға құрылғаны туралы құрылтайшының шешімі;
•    мекен-жайын растайтын құжат;
•    заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат немесе түбіртек

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

1)    Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
2) өзге заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg