Қызметін тоқтату, есептен шығару

Қызметін тоқтату, есептен шығару

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін, заңды тұлғаның филиалы және өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару үшін құжаттарды ресімдеу

Заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін Орталыққа мынадай құжаттар:

1.    Тіркеу органы бекіткен үлгідегі өтініш;
2.    заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берген заңды тұлға органының шешiмi;
3.    құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;
4.    заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
5.    таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
6.    тарату балансы;
7.    заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;
8.    заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;
9.    таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;
10.салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
11.кеден органдарының кедендiк төлемдер бойынша берешектерi мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
12.акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;
13. заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелгенi және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат табыс етiледi.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg