Кіші және орта бизнес

Кіші және орта бизнес

 

 

Шағын және орта бизнес.

2015 жылдың 8 айы ішінде ауданда шағын және орта бизнесте тіркелген кәсіпкерлер саны 7332 бірлікті құрады.  Белсенді кәсіпкерлік  субъектілерінің саны  6477 бірлік. Оның ішінде заңды тұлғалар 427, жеке кәсіпкер 4054, шаруа қожалық 2851 бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің саны 17095 адамға жетіп, осы салада өндірілген өнім көлемі                  12 млрд 175,5 млн теңгені, бюджетке түскен салық көлемі 97,9  млн. теңгені құрады.

 

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Ырыс» ШНҰ» ЖШС-нен барлығы 104,4 млн теңгелік 41 жоба жеңілдетілген шағын несиелер алған.

   

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мелекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мелекеттік бағдарламасының (ҮИИД МБ) (ГП ФИИР) 2010-2014 жылдар аралығында, Түлкібас ауданында екі жоба іске асырылды.

«Ақсанат инжиниринг» ЖШС балық шаруашылығы жобасы 2012 жылы іске қосылда. Бүгінгі таңда белгіленген қуаттылық жылына 3,0 тонна балық етін өндіру болса, оның 2,274 тонна балық еті 6 ай ішінде өндірілді. Жобалық қуаттылығы жылына 40,0 тонна балық етін 0,3 тонна қара уылдырық өндіреді. Жоба бойынша мекеме 2017 жылы толық қуаттылыққа шығады деп күтілуде.

«Azia Food Company» ЖШС ұн диірмен кешені жобасы 2012 жылы іске қосылған. Жоспарға сәйкес  2015 жылдың 6 айында 750,0 тонна ұн өндірді. Үшінші тоқсанда 1,0 мың тонна, төртінші тоқсанда 1,5 мың тонна өндіру жоспарланып жыл сонына дейін жоспар толығымен орындалады.

Бағдарламаның екінші бес жылдығында (2015-2019 ж.ж) аудан көлемінде жалпы құны 31 млрд 366 млн теңгелік  6 жоба әзірленіп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен бекітілген.

«Арсен Ас» ЖШС-нің «Жеміс-жидек концентраттарын және табиғи сусындар шығару цехін іске қосу» жобасы. Жобаның жалпы қүны                     340,0 млн.теңге. Оның ішінде: 100,0 млн. теңгесі өз қаржысы, 240,0 млн. теңгесі несие қаржысы. 38 адамға жаңа жұмыс орыны ашылады. Нысан 2015 жылы іске қосылады.

«Байтерек 4» ЖШС-нің «Көкөніс консервілеу базасын іске қосу» жобасы. Жобаның жалпы құны 115,0 млн.теңге. Оның ішінде: 55,0 млн. теңгесі өз қаржысы, 60,0 млн. теңгесі несие қаржысы. 35 адамға жаңа жұмыс орыны ашылады. Нысан 2015 жылы іске қосылады.

 «AK Kazyna» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 30 000 тонна тірі салмақта құс етін өндіретін құс фабрикасы» жобасы. Жобаның жалпы құны 18 750,0 млн.тенге, жаңадан 800 тұрақты 1000 мусымдық жұмыс орыны ашылады. Нысан екі кезең бойынша 2016 жылы және 2018 жылдары іске қосылады.

«РАХ Оңтүстік» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 10 000 тонна тауық етін өндіретін, өндіріс кешені», Жобаның жалпы құны 11 161,0 млн. теңге, жанадан 200 тұрақты, 1000 маусымдық жұмыс орындары ашылады. Нысан 2016 жылы іске қосылады.

«Ет өнімдері» ЖШС-ның «Мал бордақылау алаңы, мал сою және ет өңдеу цехы» жобасы. Жобаның жалпы құны 750,0 млн теңге, жаңадан  25 адамға жұмыс орыны ашылады. Нысан 2016 жылы іске қосылады.

«Арсен Ас» ЖШС-нің «Қуаттылығы маусымына 36,0 млн дана күйдірілген кірпіш өндіру цехы».  Жобаның жалпы құны 250,0 млн теңге, жаңадан  11 адамға жұмыс орыны ашылады. Нысан 2016 жылы іске қосылады.

Сонымен қатар индустриялды карта ресторына 2015 жылдың күзгі өзектендіруіне жалпы құны 2 млрд 620 млн теңгелік үш жоба ұсыну жоспарлануда.

Индустриялық аймақ құру.

Түлкібас ауданында индустриалдық аймақ құру мақсатында Абайыл елдімекені жанынан 30,0 га жер бөлініп, инфрақұрылым жүргізу үшін ЖСҚ-ы әзірленіп мемсараптама қортындысы алында. «Мемсараптаманы» РМК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиялының 2014 жылғы 14 шілде №19-0436/14 қорытындысына сәйкес инфрақұрылымның жалпы құны 552 811 000  теңгені құрады.  Инфрақұрылым құрылысын «Боонис КС» ЖШС жүргізіп, аяқтауда. Ауданның орналасқан аумағы мен жалпы мүмкіншіліктерін сараптай келіп негізінен баубақша көлемін заманауи технологияны ендіре отырып көбейтіп, оны өңдеу мақсатында, аймақтың даму бағыты тамақ өнімдерін өндіру болып таңдалды. Қазіргі таңда жалпы үш жобаны орналастыруда.

1) «Кентау» ЖШС-нің концентрат және табиғи шырындар өндіру бойынша әзірленіп, оның жалпы құны 1,0 млрд. теңгелік бір жоба АҮК (РКС) он шешімін алды.

2)  «РАХ Оңтүстік» ЖШС-і кұс етін өңдейтін цехін, құс еті жобасын әзірлеуде.

3) «Нұран Құрылыс» ЖШС-і ет өңдеу цехын орналастыру жоспарлануда.

Туризм саласы бойынша.

Аудандағы туристерге қызмет көрсету нысандары, екі қонақ үй, екі шипажай, төрт қонақ қабылдау үйі, сегіз маусымдық балаларға арналған сауықтыру  лагерлері туристерге сапалы қызмет көрсетуде.

Ауданда балалар туризімін дамыту мақсатында Жабағылы ауылдық округі аумағынан 5,0 га жер телімі белгіленіп  4,0 млн теңгеге маусымдық балалар демалыс орнын салу үшін жобалық сметалық құжаттарын (ЖСҚ) әзірлеуде.

 Туризм нысандарының инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша АҮК (аймақтық үйлестіру кенесі) нен мақұлданып Машат шатқалында орналасқан демалыс орындарына (барлығы 30 нысанға) және Жабағылы ауылдық округі аумағындағы туристік базаларға газ құбырын тарту мүмкіндігіне ие болды.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынша жол бойы қызмет көрсету нысандары құрылысына Шақпақ ауылдық округінен жер белгіленген. Аталған жерге көп салалы қызымет көрсету орыны (кемпинг) құрылысын жүргізу үшін аукцион арқылы «Құрылыс» ЖШС ұтып алды. Бүгінгі таңда нысанның сәулет жобалау тапсырмасы әзірленуде.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg