Кіші және орта бизнес

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ....

119702851 348296003034104 2038334845220769663 o Бүгін аудан әкімі Н.Байғұт жұмыс сапарымен Келтемашат ауылдық округіне арнайы барып, округ тұрғындарымен кездесті.Кездесуге карантинге байланысты округке қарасты елді мекендерден екі-үш өкілден яғни, ауыл ақсақалдары және ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мекеме басшылары қатысты. Карантин талаптарын толық сақтай отырып таза ауада өткізілген жиында округтің өзекті мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары нақтыланды. Жиын барысында әр елді мекеннен келген тұрғындар өз ауылдарына қатысты білім, денсаулық, жол саласы және т.б біршама мәселелерді көтеріп, аудан әкімінен нақты жауаптар алды.Тұрғындардың көтерген мәселесіне құлақ түрген аудан басшысы әр мәселені сала мамандарымен зерделеп, белгіленген мерзімде шешу жолдарын қарастырылатындығын жеткізді.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӨП БАЛАЛЫ АНАНЫҢ РИЗАШЫЛЫҒЫ!

119154833 343857520144619 5855336211407314368 o Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, үй іргелік жерлерден соңғы технологияларды(тамшылатып суару әдісін) пайдалана отырып мол табыс табу бағытында аудан әкімі Н.Байғұттың бастамасымен көктем мезгілінде көшпелі семинарлар өтіп, бүгінгі таңда семинар өз жемісін беруде. Семинарға қатысқан көпбалалы отбасылардың 31-і үй іргелік жеріне тамшылатып суғару әдісін енгізіп, мол өнімге қол жеткізіп отыр.
Соның бірі ауданымызға қарасты Жыланды елді мекенінің тұрғыны көп балалы ана Айтбаева Гулбахира Абдуллақызы. «Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «тамшылатып суғару әдісі» және мал шаруашылығын дамыту бағытында 555600 теңгеге қайтарымсыз грант алып, өз жеке кәсібін бастап отыр.
- Мен Гулбахира Абдуллақызы Тастұмсық ауылдық округіне қарасты Жыланды ауылының тұрғынымын. Көп балалы аналар қатарындамын. Көп балалы аналарға қайтарымсыз грант берілетін болды дегенді есітіп мәз болып қалдық. Осы күнге дейін алатын болмашы тиын-тебеніміз біріне жетсе біріне жетпейтін. Амал жоқ, жоғына барын құрап «жоқ» демей өмір сүріп келдік. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық. Сондағы ойымыз баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегеніміз. Расымен де, қайтарымсыз қаржы алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, жамап-жапсыру азайды. Балалар да керек-жарағын, тәтті кәмпиті мен ойыншық мәшинелерін алып, қуанды. Бұл біздер үшін үлкен қуаныш болды. Қарапайым халық үшін жасалған бұл көмек бәріміз үшін қолдауға ие дүние болды. Аз уақыттың ішінде алған ақшамыздың 200 мыңына «тамшылатып суғару құрылғысын», ал қалған қаржыға

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС: ЖОМАРТ ЖАНДАР ЕСЕБІНІЕН ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ҚОНДЫРҒЫСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ.....

7G4A5240 Жаз басталғалы бері өршіп, енді беті қайтып жатқан індеттің кезінде мемлекеттік сектордан тыс ел азаматтары да аудандық ауруханаға қажетті құрылғыларды алуға өздерінше атсалысқаны белгілі.
Солардың бірі аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бюро мүшесі Сейсенбаев Садуахас Балтабайұлы өз қаражаты есебінен орталық ауруханаға 265 мың теңгеге контактісіз залалсыздандыру қондырғысын табыстап отыр.
Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаевпен бірге орталық аурухананың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында барған аудандық мәслихат хатшысы алдағы уақытта партия мүшелерімен бірлесіп дәл осындай құрылғыны орталық емханаға тарту ету жоспарларында бар екенің атап өтті.
Сонымен қатар, Қуат Сағымбекұлы мен Садуахас Балтабайұлы орталық ауруханадағы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан неврология, геникология және перзентхана бөлімдерінің құрылысымен танысты.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 5064 ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР ҚАЙТА АЙНАЛЫМҒА ҚОСЫЛМАҚ.....

118785137 339564187240619 5058936514513325052 o Су-тіршілік көзі. Ауыл шаруашылығының қай бағытын алсақта сусыз ешқандай тірлік өнбейтіні белгілі.
Түлкібас ауданында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ағынды су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұлай дейтініміз 2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылмақ. Биылғы жылдың соңына дейін 13 су нысанының 7-не темір бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы ұзындығы 69,1 шақырымды құрайтын «Құлый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын», «Бесқасқа», «Бала Құлан» магистралды каналдары 5064 гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ағынды сумен қамтымақ.
Күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқан су нысандарын аралаған аудан әкімі Н.Байғұт мердігер мекеме өкілдеріне алдағы жаңбыр маусымына жеткізбей құрылыс жұмыстарын қарқындату мақсатында жұмысшылар саның көбейтіп, арнайы жұмыс кестесін құруды тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақты учаскелерге бөліп, әр учаскеден шыққан құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орынға шығаруды жүктеп, жұмыстын сапалы болуын қадағалау мақсатында канал қабырғаларын бекітуге қойып жатқан темір бетондардың лабараториялық сынамасын алып тұру қажеттігін ескертті.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС: «ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.....

7G4A4862 Биыл дәстүрлі тамыз конференциясы аудандық Абай атындағы мектеп-гимназиясының акт залында жылдағыдан ерекше онлайн форматта өтті.
Өткен жылды қорытындылап, жаңа оқу жылындағы атқарылатын шараларды пысықтау мақсатында өткен конференцияның ашылу салтанаты аудан әкімі Н.Байғұттың алғы сөзімен бастау алды.
Нұрлан Мархабатұлы өз сөзінде ұстаздар мен аудандық білім саласының қызметкерлерін жаңа оқу жылының ашылуымен шын жүректен құттықтап, биылғы жылы ерекше форматта өтетін оқу процесіне тынғылықты дайын болу мақсатында 5 маңызды бағытты белгіледі. Олар: мектептерге жаңа оқу жылына қажетті материалдық-техникалық базасының толық болуы, мектеп директорларына әр оқушы мен ұстаздардың індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстануын қадағалауды, білім сапасы мен тәрбие жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды, оқушылар арысындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен ұлтаралық достықты нығайту және мектеп директорлары мен білім саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық шараларды ұдайы ұйымдастыру қажеттігін ескерді.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙ ЖАТҚАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ !

118439900 332416044622100 3348703361891850552 o Бүгін аудан әкімі Н.Байғұт аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі білім мекемелерін арнайы аралап, жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Түлкібас ауданында жаңа оқу жылында ата-аналардың өтінішіне сәйкес 235 кезекші сынып ашу жоспарланып отыр. Және 20 шағын жинақты білім ошақтары жаңа оқу жылын штаттық режимде бастамақ. Аталмыш мектептерде білім және ғылым министрлігінің бекіткен қағидасы мен бас санитарлық дәрігердің бекіткен талаптарына сәйкес санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.
Білім мекемелерін аралау барысында Нұрлан Мархабатұлы интернетке қосылу, ғимараттың сыртқы қоршауы мен қыс маусымына дайындығын және сабақ өтетін сыныптардың материалдық-техникалық базасымен жеке-жеке танысып, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР «СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ІРІ ҚАРА МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУДЕ

WhatsApp Image 2020 08 24 at 09.30.00 Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет — еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейтуді» тапсырған болатын.
Осыған орай, елімізде ет шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Түлкібастық шаруалар жеңілдетілген несиелер алып, өз кәсібін өрлетуде.
Солардың бірі, Түлкібас ауданынына қарасты Машат ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Е.Төлепбеков биылғы жылы аталмыш бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алу арқылы 75 бас аналық бұқа сатып алып, бүгінгі таңда ет бағытындағы ірі қара мал басын көбейтуде.

Толығырақ...

АУДАН ӘКІМІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ!

118286748 328013301729041 5513026927591615429 o Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 60 білім беру мекемесі бар. Үш ауысымды және аппатты жағдайдағы мектептер жоқ.
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт аудан аумағындағы білім мекемелерін арнайы аралап бүгінгі жай-күйімен танысты.
Аралау барысында аудан басшысы әр мектептің сыртқы қоршауын, ішкі және сыртқы әжетханасы мен жылу қазандықтарын тексеріп, өзекті мәселелерімен танысты.
Өзекті мәселелері бар білім нысандарын жеке-жеке аралап шыққан Нұрлан Мархабатұлы қысқы маусымға дайындық және сыртқы қоршау мен әжетханаларға және ғимараттардың сыртқы әрлеу жұмыстарына қатысты білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорларына нақты тапсырмалар беріп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін орындауды тапсырды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ....

117999085 326528165210888 8390296905802617855 o «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жылдағы дәстүрге сай ауданда қаһарлы қысқа тыңғылықты дайындық жұмыстары қарқынды жүруде.
Бүгін аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте аудандық бюджеттік мекемлердің қысқа дайындық барысы, ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуы мен бюджеттің игерілуі, 7 айдын қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және облыс әкімі мен аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
Жалпы бес мәселе бойынша жауапты басшылар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар барысын тыңдап шыққан аудан басшысы, аудан аумағындағы біршама әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы бойынша кемшіліктерді жою мақсатында тиісті бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін мерзім белгіледі. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдеріне басқарып отырған округ аумағындағы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына қатысты нысандарды жеке-жеке аралап, қыс мезгіліне дайындығын тыңғылықты тексеріп шығу қажеттігін ескерді.

Толығырақ...

АУДАН ӘКІМІ ДӘРІХАНАЛАРДЫ АРАЛАДЫ...

117593805 324118295451875 7228633771555036993 o Бүгін аудан әкімі Н.Байғұт аудан орталығындағы ірі дәріханаларды жеке-жеке аралап, қазіргі таңда қандай дәрілер бар және олардың бағасының шекті бағадан аспағандығына көз жеткізді.
Бүгінде аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімімен аудандағы үш ірі «Мади», «03» және «Зерде» дәріханаларымен екі жақты келісім түзілген. Келісімде қазіргі таңда пневмания және короновирус індетімен күресте аса қажетті 41 дәрінің тізімі жасақталып, тапшылықты болдырмау мақсатында кәсіпкерлерден міндеттеме ретінде түзіліп отыр.
Аралау барысында аудан әкімі әр дәріхананың сатушы фармацевттерімен тілдесіп, дәріге сұраныс жайында сұрады.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС: «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫ 16 ЖАНҰЯҒА ӨЗ ЖЕКЕ КӘСІБІН БАСТАУ ҮШІН 555 МЫҢ ТЕҢГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГАРАНТ БЕРІЛДІ!

5416841648234 Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тікелей бастамасымен өңірімізде бастау алған «Қамқорлық» бағдарламасы негізінде Түлкібас ауданында аз қамтылған 93 отбасыға демеушілер есебінен азық-түлік пен киім-кешек үлестірілген. Бұл жайында аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Е.Қаратаев аудандық баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген брифингте мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жұмыссыз жүрген 24 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылса, 20 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж 5 отбасыға демеушілер үй сатып әперсе, 14 жанұяға мемлекеттік бағдарлама негізінде пәтер кілті табысталған. Жағдайы нашар 4 отбасының үйі жөнделіп, 16 жанұяға 555 600 теңгеден мемлекеттік грант берілген.
  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg