Ашық конкурстар, аукциондар, өткізудің шарттары туралы мәлімет

Ашық конкурстар, аукциондар, өткізудің шарттары туралы мәлімет

Ашық конкурстар, аукциондар
13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
1. Мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірі:
1) конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс);
2) аукциондарда;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) бір көзден алу;
5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Тапсырыс беруші осы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындайды.
3. Мемлекеттік сатып алу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.
4. Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін айқындауға құқылы.

4-тарау. КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
20-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру
1. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
2. Тауарды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
3. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысады.
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.

5-тарау. АУКЦИОН ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
32-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру
1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оны өткізуді мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.
Тауар беретін бірнеше орын болған жағдайда, аукцион тәсілімен өткізілетін лотта тауар беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарау қорытындысы бойынша айқындалған, біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
4. Аукциондық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, аукционға қатысуға өтінімге, оны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 21-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтарының, 22, 23, 24 және 25-баптарының қағидалары бойынша айқындалады

Мемлекеттік сатып алу туралы мәлімет

            2016 жылы ОҚО, Түлкібас ауданы Ақбура, Ақсай, Қайыршақты және Разъезд-117  елді мекендердің оңайландырылған бас жоспраын әзірлеуге мемлекеттік сатьып алу конкурсы бір көзден алу тәсілімен өткізілді. Жіңімпаз мердігір «Майлыкент Проект Строй» ЖШС анықталды. Сонымен қатар ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов а/о, Азаттық ауылы Е.Қалдыбаев көшесіндегі мектеп құрылысына толық жайғастыру жобасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі өткізілді. Жеңімпаз мердегір «Майлыкент Проект Строй» ЖСШ болып анықталды.
ОҚО, Түлкібас ауданы елді мекендерінде сібір ошақтарының топографилық түсірілімін түсіру жұыстарына мемлекеттік сатып алудың бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен жаряланып, 8 әлеуетті өнім беруші қатысып, «ҚазГеоЖоба» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

2016 жылға  мемлекеттіксатып алу ашық конкурсына жарияланғандар

 

Ескертпе

1

Түлкібас ауданы Жаскешу аулындағы «әкімшілік ғимаратының құрылысына ЖСҚ әзірлеу»

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

2

Түлкібас ауданы Азаттық ауылында А.Наваи атындағы 600 орындық метеп құрылысына ЖСҚ әзірлеу

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

3

Түлкібас ауданы, Көксағыз ауылындағы пайдаланудағы 2-қабаттығимаратты балалар оңалту орталығын қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

4

Түлкібас ауданы, Түлкібас поселкесі Шевцов атындағы орат мектепті қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

5

Түлкібас ауданы,Т.Рысқұлов ауылы Пушкин атындағы мектебін қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

6

Тұрғын үйлердің инфрақұрылым құрылысына ЖСҚ әзірлеу

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

7

Түлкібас ауданы аумағынан өтетеін бөлігшінде «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халық аралық көлік дәлізінің 2-і жағынан ЕТЖ-жұмыстары

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

8

ОҚО Түлкібас ауданы, Балықты а/о, «Балықты ауылының дамуына ЕЖТ әзірлеу» (Үрбұлақ аулына қарай 53,8 га даму)

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

9

ОҚО, Түлкібас ауданы, «Састөбе поселкесінің дамуына ЕТЖ әзірлеу» (Балықты ауылна қарай 58,4 га даму)

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

10

ОҚО, Түлкібас ауданы, «Түлкібас поселкесінің дамуына ЕТЖ әзірлеу» (Майтөбе аулына қарай 34,6 га даму)

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

11

Түлкібас ауданы, Састөбе п.«Денешынықтыру-сауықтыру кешені» құрылысына ЖСҚ әзірлеу

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

12

ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Пушкин Бағысбаев көшелері қиылысында 3-64 пәтерлі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу»

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

13

ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Пушкин Бағысбаев көшелері қиылысында 2-32  пәтерлі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу»

Мемлекеттік сатып алу конкурсында

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg