Елбасының жыл сайынғы Жолдауы

Елбасының жыл сайынғы Жолдауы

Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Түлкібас ауданында насихаттау бойынша мәлімет

Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша Түлкібас ауданының әкімі Ә.Тұрғымбековтің бекітуімен 2017 жылғы 3 ақпан күні аудандық ақпараттық-насихаттық топтардың құрамы, тұрғындармен кездесу өткізудің желілік кестесі, медиа-жоспары жасалып дербес бөлім басшыларына, ауылдық округ, поселке әкімдеріне тапсырылды. Аудан әкімі орынбасарларының төрағалығымен ауданда 3 топ құрылған. Мүшелерінің саны 39. Қоғамдық негіздегі лекторлық топтардың саны 15. Сонымен қатар ауылдық округ, поселке әкімшіліктерінде 15 топ құрылыған. Мүшелерінің саны 134. Барлығы 19 топ, мүшелерінің саны 173 адам. 2017 жылғы 7 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депуттаттарының қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активімен, Түлкібас поселкесі «Алтын дән» ЖШС ұжымымен, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ұжымымен кездесулер өтті. 2017 жылғы 13 ақпан күні облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарымен, Түлкібас поселкесі, Б.Момышұлы ЖОМ мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен, Азаттық ауылы, ауыл әкімшілігінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесулер өтті. 17 ақпан күні республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесінің қатысуымен Ақбиік ауылдық клубында ауыл тұрғындарымен, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің оқытушылары, студенттерімен кездесулер өтті. Аудандық желілік кестеге сәйкес аулыдық округ, поселке әкімшіліктеріндегі елді-мекендерде 9 ақпан мен 15 ақпан аралығында аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен барлық ауылдарда, мекемелерде  кездесулер өтті. Медиа-жоспарға сәйкес аудан әкімі орынбасарлары, дербес бөлім, округ әкімдерінің мақалалары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда.
Бүгінгі күнге 135 кездесу өтті. Қатысушылардың саны 11800 адам.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg