Рухани жаңғыру

Ауданның киелі жерлері

1

21

31

41

18 қазан 2018 жыл

IMG 0248 18 қазан «Рухани келісім күні» мерекесіне орай Түлкібас ауданында Жастар ресурстық орталығының және ауданның бас имамы Р.Ерменбаевтың ұйымдастыруымен Жанкент мөлтек ауданындағы «Сұлтан» спорт кешенінде имамдар арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті. «Жаны саудың-тәні сау» деген ұранмен бастау алған бұл турнирге Түркістан облысының әр өңірінен 11 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысымен ІІІ орынды Мақтарал ауданының командасы, ІІ орынды Түркістан қаласының командасы, І орынды Кентау қаласының командасы иеленді. Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасы тарапынан ақшалай сыйлықтар және алғысхаттармен марапатталды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан, қалаларда жүзеге асыру бойынша НҰСҚАУЛЫҚ

#Руханижаңғыру_Түркістан;

#Туғанжер_Түркістан;

#Киелі_Түркістан;

#Заманауимәдениет_Түркістан;

#100жаңаесім_Түркістан;

#100жаңакітап_Түркістан;

#Латынәліпбиі _Түркістан

Толығырақ...

2018 жыл 18 шілде

18.07.18 3Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылының тұсындағы бір ғасырдан аса тарихы бар теміржол туннеліне көрнекті «Алаш» қайраткері, тұңғыш қазақ инженері Мұхаметжан Тынышбаевтың аты-жөні жазылған тақтайша орнатылды.
Дерекетерге сүйенсек, Мұхаметжан Тынышбаев 1915-1916 жылдардағы қиын-қыстау заманда осы туннелді салуға өлшеусіз үлес қосқан. Бұл туннелді автор есімімен жаңғырту мәселесін 2018 жылдың қаңтар айында Жаскешу ауылдық округінде аудан әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жиынында ауыл ақсақалдары тілге-тиек еткен болатын. Міне арада аз-кем уақыт өте келе аудан басшысының қолдауымен қолға алынды.

Толығырақ...

ЖОЛ БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

18.06.18 1Түлкібас ауданының Батыс Европа – Батыс Қытай дәрізінің бойында жол бойы қызмет көрсету орталығының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қызмет көресту орталығы бір мезетте 100 адамға дейін қабылдай алады. Нысанның негізгі мақсаты жол жүрушілерге жан-жақты қызмет түрлерін көрсету болып табылады.  Атап айтсақ: қонақ үй, тамақтану, жанар май құю станциясы, көлік жөндеу мен дүкен және т.б қызмет түрлерін іске асыру,  ауданның туризм саласын дамыту.  Жобаның жалпы құны 346 млн. теңге. Қазіргі таңда құрылыстың 80 пайызы іске асырылып,  нысан  2018 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Жол бойы қызмет көрсету орталығы іске қосылу нәтижесінде ауданның 25-30 тұрғыны жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

Рухани жаңғыру

Оңтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер географиялық картасына Түлкібас ауданынан еңген жерлер

АҚТАС ӘУЛИЕ

«Ақтас әулие» Керейт ауылының іргесінде, ауылдың солтүстігінде орналасқан. Ақтас әулие бұлағының күншығысы қатпар тасты төбемен ұласады, оңтүстік-батысы егістік алқаппен, батысы ауылдың ескі қорымымен ескі мешіт үйі арқылы, ал батысы тегістеле келіп, ауыл басындағы төбемен шектеледі. Ақтас әулие бұлағында терек пен тал ағашы бар, айнала қамыс басқан, диаметрі шамамен 150-160 метр алқапты алып жатыр. Ақтас  әулие бұлағынан басқа тоғай ішінде бірнеше бұлақ көзі бар.

 

1

Толығырақ...

2018 жыл 1 маусым

IMG 91192018 жылдың 1 маусым күні ауданымыздың орталық алаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және 1-Маусым Халықарылық балаларды қорғау күніне арналған балалар мен жастардың музыкалық оркестірлер мерекелік шеруі өтті.

Толығырақ...

2018 жыл 21 мамыр

DSC 0555Бүгін ауданымызға қарасты Азаттық ауылының мәдениет үйінде 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Мерекелік іс-шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен балаларды 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтай отырып өз сөзінде: «Балалар – біздің үмітіміз және болашағымыз. Бұл күн жай мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Жалпы қоғамның және әрбір жеке адамның алдында тұрған үлкен міндет – ол болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру» деп атап, іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан және демеушілік еткен азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттарды.

Толығырақ...

Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы.

29.05 1 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық білім берудің  барлық буынының сапасын жақсартуда бізді  ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Мектеп  түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», – деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әлеуeті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзекті мәселесі. Түлкібас аудандық білім беру ұйымдарының білім мазмұнын қамтамасыз етудегі мүмкіншілігіне, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, педагог кадрлардың сапалық құрамына және материалдық-техникалық базасына талдау жасай отырып, 2017-2018 оқу жылында Түлкібас ауданында үштілділікті қолдау мақсатында 5 базалық мектеп құрылды. Атап айтар болсақ Абай атындығы мектеп - лицей, М.Ломоносов атындығы мектеп - гимназиясы, А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі, С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі, А.Пушкин атындағы жалпы орта мектептері. Аталған мектептерде 2017-2018 оқу жылында 8 сыныптан  5  пилоттық сынып ашылып, жалпы 5 мектеп бойынша 124 оқушы ағылшын тілінде «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәнін тереңдетіп оқытуды бастады.

Толығырақ...

«БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР»

28.05.18#Руханижаңғыру_ Руханиқазына _Оңтүстік

2018 жылдың 23 мамыр күні Түлкібас ауданына қарасты Азаттық ауылы мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» атты тақырыпта батагөй қариялар арасында бата беруден аудандық байқау өтті. Байқаудың мақсаты: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде дәстүрлі баталарды насихаттау.Байқауға ауданға қарасты 15 ауылдық округ, поселкелерден 16 батагөй қарияларымыз іріктеліп, ақтық сынға жолдама алған болатын. Солар бас жүлдені сарапқа салды. Тарих тақтасына жазылған көсемдер мен шешендердің тапқыр сөздері бүгінгі ұрпақтың сана-сезіміне ұялап, келешегіне бағыт - бағдар беретін, арман - мақсаттарына жетелейтін өсиет. Оны жеткізушілер сол өнердің қаспағын қырып, сарқытын ішкен аталар. Бабалар өсиетін, сөз саптасын, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қариялар аудандық байқауда өз шеберліктерін ортаға салып, 2 бөлім бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысымен бас жүлдені - «Ең батагөй қария» атағын Кемербастау ауылдық округінен Абдалимов Аманбай атамыз иеленді. І- орынды Майлыкент ауылдық округінен Келімбеков Аспандияр, ІІ-орынды Түлкібас поселкесінен Тоғысбаев Сапар және Рысқұлов ауылдық округінен Көшкінов Тұрсынқазы, ІІІ-орынды Майлыкент ауылдық округінен Шәкенов Махмуд пен Келтемашат ауылдық округінен Асилов Сүйерқұл аталарымыз қанжығасына майлады. Іс-шара соңында жүлделі орындардан көрінген қарияларымыз аудандық ардагерлер кеңесінің тарапынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg