Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы.

Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы.

29.05 1 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық білім берудің  барлық буынының сапасын жақсартуда бізді  ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Мектеп  түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», – деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әлеуeті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзекті мәселесі. Түлкібас аудандық білім беру ұйымдарының білім мазмұнын қамтамасыз етудегі мүмкіншілігіне, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, педагог кадрлардың сапалық құрамына және материалдық-техникалық базасына талдау жасай отырып, 2017-2018 оқу жылында Түлкібас ауданында үштілділікті қолдау мақсатында 5 базалық мектеп құрылды. Атап айтар болсақ Абай атындығы мектеп - лицей, М.Ломоносов атындығы мектеп - гимназиясы, А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі, С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі, А.Пушкин атындағы жалпы орта мектептері. Аталған мектептерде 2017-2018 оқу жылында 8 сыныптан  5  пилоттық сынып ашылып, жалпы 5 мектеп бойынша 124 оқушы ағылшын тілінде «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәнін тереңдетіп оқытуды бастады.

          Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының педагогтары келешек ұрпаққа жол көрсетіп, жаңа фармацияның жаңа бағытындағы ұстазын қалыптастыру жолында. Осы орайда ағылшын тілдік біліктілік арттыру курсынан «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндері бойынша  52  пән мұғалімі біліктілігін арттырып, В2 деңгейін бітіріп «Назарбаев Университеті» және «Ұстаз» оқу орталығының сертификаттарымен сертификатталды. Сонымен қатар 26 ағылшын тілі пәні мұғалімдері тәлімгерлік (5 айлық) біліктілік арттыру курсын аяқтады.

         Қазіргі өскелең ұрпақ – өмірге бейімделген, қоғамға қосар үлесі бар жеке тұлға болып қалыптасуда. Олардың нақты мақсаты – шапшаң дамыған, өзгеріске толы заман талабына сай, өмірде өз орнын таба алатын, халыққа кедергісіз қызмет жасай алатын алғыр да білімді болу.

        Білім берудегі өзгерістердің бірі – тілдерді меңгеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты  ояту мақсатында «Астана - Кітап» баспасының  8 сыныптар, қазақ және ұлттық мектептер үшін ағылшын тіліндегі  «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндерінің  оқулықтарына жергілікті бюджет есебінен 1 млн. 758000 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда базалық метептерді толық 100% оқулықтарымен қамтамасыз етіліп, жыл бойына пилоттық сыныптар қостілді оқулықтармен білім алды.

      Сонымен қатар жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілде оқыту бағдарламасы ауданымызда іске асырылуда.

      Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты: 

  • Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
  • Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
  • Ағылшын тілін меңгерту;
  • Орыс тілін жетік білу;
  • Әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
  • Тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

       Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» Осы орайда

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні «Жеті қазына» аллеясында «Үштілді білім беру арқылы құзыретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында үштілділікті аудан тұрғындарына насихаттау бағытында концерттік іс- шара болып өтті. Үштілділікті насихаттау барысында өткізілген іс- шараға аудан әкімінің орынбасары - А.Жабағы, Тілдерді дамтыту орталығының директоры – Б. Даулетов, Білім бөлімінің басшысы –Ш.Айнақұлов қатысты.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші тілімізді құрметтеп асқақтатайық, шет тілдерін үйреніп өз білімімізді жетілдіріп жас ұрпақ тәрбиелеуде өткізілген іс- шарада Абай атындығы мектеп – лицейінің 3-4 сынып оқушылырынан құралған «FUNNY KIDS» хор тобы «We are so proud of our school» әнімен бастады.

С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің «Алаш» тобының орындауында «Бақ қонған өлке», Сезім би студиосының орындауында 4-5 жас аралығындағы кішкентай бүлдіршіндер «Маленькая страна», «Ангелы» билерін керемет билеп шықты. С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі Г.Сыдыкова «Астана» әні,  М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі «Мен өнерпаз баламын», А.Байтұрсынов мектебінің патриоттары «Қазақ елі» флешмобымен, А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебі Орыс халқының ұлттық биі, Абай атындағы мектеп – лицейінің білім алушылары үш тілде халыққа өз тартуларын тартса, Алихан Кәусар келген қонақтарға «Мама» әнін арнады. Сонымен қатар Абай мектебінің жарық өнерлі жұлдызы Мыржаш Інжу «Little Kids» әнімен ал М.Ломоносов гимназиясының 11сынып оқушысы Алиева Айсуна ағылшын тілінде ән жолдап үштілділіктің бастапқы баспалдағы, бастапқы бағыттары кезең кезеңмен ауданымызда іске асырылып жатқандығын көрсете білді.  Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Үштілді білім беру арқылы құзыретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында үштілділікті халыққа насихаттау барысында концерттік іс- шараның жабылу салтанатын С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Ерсерікқызы Диана «Халқым - ай» әнімен аяқтады.

Қорыта келгенде - Ұлттық білім саясатына барынша  жауап бере алатын көптілді  меңгерген тұлғаны қалыптастыру жолындамыз.

29.05 2

 

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg