2018 жыл 21 мамыр

2018 жыл 21 мамыр

DSC 0555Бүгін ауданымызға қарасты Азаттық ауылының мәдениет үйінде 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Мерекелік іс-шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен балаларды 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтай отырып өз сөзінде: «Балалар – біздің үмітіміз және болашағымыз. Бұл күн жай мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Жалпы қоғамның және әрбір жеке адамның алдында тұрған үлкен міндет – ол болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру» деп атап, іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан және демеушілік еткен азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттарды.

Акция барысында мүмкіндігі шектеулі балаларар арасында концерт ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарлама барысында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндеріміз көрермендерге ән шашулары мен би өнерлерін тарту етіп, келген көпшілікті қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар, күні кеше Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізілген «Үкілі Үміт» байқауында қылқалам шеберлері номенациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленген Қырықбай Жанель, əн мен би  жанрлары бойынша  ынталандыру сыйлықтарының иегерлері Абжаппаров Зейнолла мен Сыпабек Дильназ өз өнерлерін көрермендерге тәнті етті.

Іс-шара соңында аудандық кәсіпкерлер өз тараптарынан мүмкіндегі шектеулі балдырғандарымызға сыртқы киімдер (куртка) мен сыйлықтар тарту етсе, келген көрермендер шыны жәшікке атағандарын ақшалай салып,  аталмыш акцияға ат салысты. Акциядан жиналған қаражат мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндеріміздін керек-жарақтарына жұмсалады.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg