2018 жыл 1 маусым

2018 жыл 1 маусым

IMG 91192018 жылдың 1 маусым күні ауданымыздың орталық алаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және 1-Маусым Халықарылық балаларды қорғау күніне арналған балалар мен жастардың музыкалық оркестірлер мерекелік шеруі өтті.

Іс-шара ашылуында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков өз сөзінде: Бала - адам өмірінің жалғасы, артында із қалдыратын ұрпағы. Біз еліміздің келешегі болатын балаларды қорғауға, оларды денсаулығы мықты, тәрбиелі, білімді азаматтар етіп тәрбиелеуге бір кісідей атсалысып, болашақ үшін аянбай еңбек етейік дей келе - жиналған көпшілікті бүгінгі мерекелеремен  құттықтады.

Іс-шараға ауданымызға қарасты  жиырмадан астам білім ошақтарынан екі мыңға жуық  оқушылар қатысып, музыкалық шерумен сап түзеп өтіп, ән мен би өнерлерін бұқара халыққа паш етті.

Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

IMG 9235

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg