Оңтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер географиялық картасына Түлкібас ауданынан еңген жерлер

Оңтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер географиялық картасына Түлкібас ауданынан еңген жерлер

АҚТАС ӘУЛИЕ

«Ақтас әулие» Керейт ауылының іргесінде, ауылдың солтүстігінде орналасқан. Ақтас әулие бұлағының күншығысы қатпар тасты төбемен ұласады, оңтүстік-батысы егістік алқаппен, батысы ауылдың ескі қорымымен ескі мешіт үйі арқылы, ал батысы тегістеле келіп, ауыл басындағы төбемен шектеледі. Ақтас әулие бұлағында терек пен тал ағашы бар, айнала қамыс басқан, диаметрі шамамен 150-160 метр алқапты алып жатыр. Ақтас  әулие бұлағынан басқа тоғай ішінде бірнеше бұлақ көзі бар.

 

1

Ақтас  әулие бұлағы мен әулие суының оң көзі

      Ақтас әулие бұлағы үш қайнар бұлақ суынан кұралады. Бұлақ суы үлкен қатпар тастың астынан шығып жатыр. Айналасын бүлдірген, киікоты, жалбыз, қоға, көкжапырақ басқан. Бұлақ суы шығыстан батысқа ағады. Бұлақ суы ені 0,50-0,55 метрлік арыққа 0,20-0,22 метр тереңдікте толып ағады. Бұлақ суының оң қапталдағы көзі тастың астынан атқылап шығады, диаметрі - 0,10-0,12 метр. Тесіктен қайнап емес, атқылап шығып жатыр, ортаңғы бұлақ көзінің суы екі жерден тас астынан қайнап шықса, сол қаптал бұлақ көзі басқаларына қарағанда бөлекше, суы да мол.

     Су үлкен қатпар тастың астынан қайнап та, атқылап та шығады, судың көзі бірнеше, ортаңғы және оң қапталдағы бұлақ суларының қосындысынан әлдеқайда көптеу және ағысы да жылдам, бұлақ көзінен шығып, алдындағы алқапқа жиылған судың тереңдігі 0,70- 0,75 метр келеді. Алғашқы екі бұлақ көзінің суы жайылып ақса, бұл көздің суы толып, жинала ағады.

        Бұлақ көзінің оң қапталынан басталған ағаш жиілей түсіп, қалың тоғайға айналып, ауылмен шектеседі. Солтүстігі ашық, төбелі, батысы қамысты тоғаймен жалғасады. Бастау суының оңтүстік-шығысында 13-14 метрдей жерде қураған жуан ағаштың қаңқасы бар. Ағашқа майда шүберектер байланған. Бұл кезінде осы араға келіп, Ақтас әулие бұлағын күтіп-баптаған, әрі шырақшылық еткен Пернебек Дүйсенбаевқа қойылған белгі екен, ол кісі құран оқып отырыпты. Келіп ем-дом алушыларға жөн сілтеп, бұлақтың тазалығын сақтаушы болған екен. Ол кісінің отырған орны (тапшаны) әлі бар.

 

2 3

  Ақтас әулие суының сол көзі мен әулие суының орталық көзі

         Ақтас бұлақ суының аты бұлақ көзі шығып жатқан жердегі тас қабаттарының ақ түсті болып жатуына байланысты аталған. Оның суының қасиеті - көз, асқазан, бауыр, бүйрек сияқты ішкі ағза мүшелеріне бұлақ суы ем

ТАМШЫ ӘУЛИЕ

      Тамшы әулие Кершетас ауылынан 12 шақырым оңтүстік- шығысында, Лагерь шатқалында орналасқан. Шатқал аңғарында Машат өзені бар. Машат өзенінің сол беткейінде Шошқабұлақ тауларының сілемдері бар. Өзеннің екі аңғары биік қатпар тасты жота, өзен бойында демалыс саябақтары орналасқан. Тамшы әулие Машат өзенінің оң қапталында тау аңғарына сұғына кіріп, биіктігі 80-85 метрдей қатпарланған тас қабаты бар. Қож-қож жартастар, сан алуан желектер көмкерген, кіргенде көз сүрінетін, әсері керемет көріністі қуыс қойнауында тастан тамшы тамып тұрады. Тас қабатының үстіңгі жағы 30-35 метрдей қара, орта тұсы 20-25 метрдей ақ сұр, ал астыңғы қабаты ылғалданған, судан көгеріп мүк басқан. Оның қалыңдығы 20-25 метрдей келеді. Осы араны жергілікті халық «Тамшы әулие» деп атайды.

 

6

 Тастан аққан тамшылар

         Тамшы әулиенің ылғалданып, тас беттерін мүк басқан астыңғы қабатынан майда су тамшылары ағады. Аққан су тамшыларында есеп жоқ, санап болмайды. Аққан тамшылардың сипаты да әртүрлі: бірі сорғалай ақса, екіншісі сызылып ағады, ал үшіншілері тамшылап, үзіліп ағады. Бірі жуандау болса, екіншілері жіңішкелеу, тіпті көзге көрінбей намданып ағатын да түрлері бар. Келушілер осы суға қарап «тас жылап жатыр» деп айтады. Сондықтан «Тамшы әулие» аталып кеткен. Ол жайлы аңыздар да, әпсана да, тіпті ертегіге айналған әңгімелер де көп.

          Осы орынды алыстан қараса, тамшы ағып жатқан аралықтан 7-8 метр биікте арақашықтығы  8 метр шамасындағы екі үңгір бар. Ол осы тастың екі көзі іспетті, сондықтан оны жергілікті халық «Тамшы әулиенің екі көзі» деп атайды. Сырт көзге алыстан қарағанда, шындығында да осы арадағы құбылыс жылап жатқан адамның бет бейнесін көз алдыңызға елестетеді.

         Тамшы ағып жатқан аралықтың асты ішке кіріңкі, қуыстау келеді. Осы қуыста биіктігі 1,70-1,80, жалпы ені 1,20-1,30 см тас бар. Тастың төбесі тегістеу, онда диаметрі 35-40 см келетін ойма бар. Оны жергілікті халық «Тамшы әулиенің қазандығы» деп атап, келгендер осы аралықтан су ішуге әрекет жасайды. Ол аралыққа екінің бірі шыға бермейді. Өйткені осы араға шығатын аралықтағы тас беттері жылтырап, аяқ бастырмастай тайғақтанып тұрады.

 

7

Тамшылап аққан  тамшылар

8

Сорғалап аққан тамшылар

9

Сарқырап аққан тамшылар

Сондықтан шығуға әрекет еткендер жарты жолда аяқтары тайып, еңіске кұлап жатады.

Тамшы ағып жатқан аралықтан 2,5-3,0 метрдей төменде тас арасынан атқылап шығып жатқан көптеген бұлақ көздері бар.          Бұлақ көздерінің оң қапталындағы екі көздің суы басқаларға қарағанда көп, әрі ағысы жылдам. Қалған бұлак көздерінің су мөлшері деңгейлес. Жалпы тас аңғары шығыстан батысқа созылып жатыр, ұзындығы 150-170 метрдей, ал су тамшылап жатқан алқаптың ұзындығы 55-60 метр шамасында. Ағып және шығып жатқан су тамшылары мен бұлақ көздерінде есеп жоқ. Атқылап жатқан бұлақ көздеріне бес жерден ауыз су үшін су трубасын қойған. Одан тыс ені 50-55 см, тереңдігі 20-22 см келетін арық арнасы толып ағатындай су сыртқа шығып, өзен бойлай ағып жатыр.

 

10

Тамшы әулиенің қазандыгы

          Әулиелі орынның оң қапталына долана ағашы өсіп, тоғайға айналған. Сол қапталы ашықтау, солтүстік-шығысында Машат өзені ағып жатыр. Тамшы әулиеден шыққан су Машат өзеніне кұяды. Айнала шілде айының өзінде қоңыр салқын болып тұрады.

        Тамшы әулие туралы нақты дерек кездеспеді, бірақ осы маңға келген адамдардың айтуына қарағанда, әулие атаның қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында екен.


 

ТҮРІКБАСЫ ӘУЛИЕСІ

           Түрікбасы әулиенің басына салынған кесене Азаттық ауылында, Шымкент - Алматы автомобиль жолының сол қапталындағы тау беткейінде орналасқан. Алыстан күмбезді сағана көзге шалынады. Сағанаға зиярат етушілер баспалдақ арқылы көтеріледі. Баспалдақтың жалпы саны- 688. Жоғары көтеріліп 196 баспалдаққа жеткен соң, оң қанатта бұлақ суы бар.       Бұлақ суы ешқайда ақпайды, көлшік болып тұрады. Бұлақ суының оңтүстігінде төрт түп қарағаш бар. Бұлақ суының оңтүстігі мен шығысында қарағаш тамырларынан шыққан бірнеше түп бұта бар. Бұлақ көзінің шығыс жағында 17-20 метрдей жердегі беткейдің 4 жері көгеріп, онда қамыс, қоға өскен. Ол жай сым темірмен қоршалған. Сол араның солтүстік-шығысында дәл сондай көгеріс орын бар, ол орын үлкендеу, қоршалған, ортада жиде мен қарағаш өсіп тұр, айналасын қамыс пен қоға басқан. Аталған жердің бәрінде бұлақ көзі бар. 245-247 баспалдаққа көтерілгенде оң қол тұста диаметрі 10-12 метрлік тегістік бар. Онда үш бұлақ көзі бар, жоғарылау тұрған бұлақ көзін қоға басқан, төбесін түнікемен жауып, көлеңкелеп қойған, астындағы екі бұлақ үстіне тас қаланған, айналасы ашық. 322 баспалдақ тұсында шығысқа жүретін сүрлеу жол бар, сүрлеу жол 18-20 метр жердегі төрт бұрышты темір мұнараға апарады. Темір мұнараның торлама ішіне 3,5 метр биіктікке дейін тас толтырылған. Мұнара биіктігі 6 метр шамасында.

533 баспалдақтың сол қанаты тұсында 3 х1,5 метрлік жерге цемент құйып, беті тегістелген. Айналасын цементтеп, 3 қатар жалпақ таспен өріп шыққан, оның үстіне айналдыра тас үйілген (Бұл келіп зиярат етушілердің әрекеті болса керек).

688 баспалдақтан соң жол қиғаштай көтеріліп, цемент құйылған 2,5х 2,5 көлемдегі алаңға барып тіреледі. Алаңның кіреберіс аузына темір төс қойған, тегістеліп айналдыра цемент құйылған алаңға «П» үлгісінде орындық қойған. Осы алаңның солтүстік-батысында 3 метр жерде «Түрікбасы әулие атаның» басына қойылған сағана бар.

       Түрікбасы әулие атаға арнап салынған сағана төбе басындағы тегістеу алқаптағы бұлақ көзі үстіне сегіз бұрышты жұлдызша үлгісінде салынған. Бұрыш орталарына күмбез үлгісіндегі ашық терезе қойылған. Әрбір бұрыштың биіктігі іргетасымен қоса есептегенде 7 метр, төбесі күмбезделген. Іргетасынан бастап күмбезге дейінгі аралықты таудың табиғи тасымен өріп шыққан, күмбезі үш бұрышты темірден жасалып, сырты көк шатырмен қапталған. Әр бұрыштың арасы 1,80 см, терезесі 4,5 х 0,80 см. Сағана ішіндегі бұлақ көзін айналдыра таспен өріп шығып, бұлақ суына түсетін баспалдақ қойған. Ортада диаметрі 1 метр келетін дөңгелек бұлақ көзі бар. Келушілер есіктен кіріп, баспалдақпен төмен түседі. Суын ішіп, ниет етеді. Есігі солтүстік-батысқа қараған.

 

20 11

 
Түрікбасы әулие орнына кірер қақпасы мен әулие сағанасы

Әулие орынның қасиеті туралы халық арасындағы әңгімелерге қарағанда, ұзын, биік баспалдақтармен көтеріліп, басына зиярат еткен жандарды әулие әруағының рухы ниетін қабыл етеді және қызметінің өсуіне шарапаты тиеді. Басына емшілер емшілік қасиетім, көріпкелдер көріпкелдік қабілетім арта түссін деп ниет етіп барады екен.

        Ұлы Жібек жолының бойына, Түрікбасы төбесінің баурайына орналасқан Азаттық ауылының тарихы тереңде жатыр. Осыдан үш ғасыр уақыт бұрын Қоқаннан келгендер бір жағынан Қаратау, екінші жағынан Алатау көрініп тұратын Түрікбасы ата Әулие төбесінің түбіне, Арыс өзені мен Құлан өзені қосылатын жерге қоныстанған. Ұлы Жібек Жолының бойындағы Керуен сарайды иемденген. Түркібасының шығуы туралы ауылда аңыз бар. Өте ерте заманда Түркі деген ұлы ел бопты. Бұл елдің о шеті мен бұ шеті теңіздерге барып тіреледі екен. Жаугершілік өте жиі болған. Бірде түркілердің бас қолбасшысы мерт болып, жол бойында ерекшеленіп тұрған төбенің басына жерлейді. Ол кезде ұлы хандар мен қолбасшыларды биік-биік, өзгеше төбелерге жерлеу салт болғаны белгілі. Содан Азаттық ауылы жанындағы төбе ежелгі заманнан бері Түркібасы деп аталып кеткен. Бір деректе, «Түркібасы деген сөз кейіннен дыбыстардың өзгеруіне, үндестік заңына байланысты Түлкібасы Түлкібас болып өзгерген» десе, екінші деректе «Арыс пен Құлан өзені құйылысындағы қос өркешті тау, қазіргі кезде бұрмаланып Түлкібас аталып жүрген аудан ертеде Түркібасы аталған Қытай деректерінде түркілерді түкілер деп жазған, оның себебі қытай әліппесінде р әрпі жоқ. Осыған байланысты қытайша Түкібасы деп айтылған сөзден Түркібасы - қытай ыңғайымен Түлкібасы болып кеткен» деген пікірлер бар. Тағы бір әңгіме мына төмендегідей өрбиді:

 

12 13

 

Түрікбасы әулиенің бұлақ көзі

      «Өлкеге VIII ғасырдан бастап арабтар кіріп келе бастаған, Ислам дінін кең тарату дәуірі басталған. Әзіреті Әлінің баласы Мұхаммед- Ханафияның 6-шы буыны, немересі Ысқақ баб 714 жылы Сайрам,оның төңірегіндегі ауылдарды жаулап алады. Халықты Ислам дініне кіруге мәжбүрлейді. Қатты қырғын соғыстан соң жергілікті халық бағынуға мәжбүр болады және Ислам дінін қабылдаумен бірге жазуды араб тілінде бірте-бірте меңгере бастайды.

      Сайрам қаласы ол кезде Испиджаб, Мадинат-ал Байза деп аталған. Тараз, Қараспан, Қазығұрт және Алатау аралығындағы үлкен территорияны иеленіп тұрған Ұлы Жібек Жолы бойындағы үлкен аймақ Испиджаб атымен аталған. Бұл жердің Түрікбасы деп аталуы бабамыз Қожа Ахмет Иасауидің бабасы Ысқақ бабтың 9-шы буын немересі Ифтихар шайықтың атымен байланысты. Бұл кісі 830 жылы Сайрамда Омар шайық отбасында туылып, ержеткен. Сайрам медреселерінде оқып, Қазы Байзауий, Құтбиддин ғүлама, Хасан Байзауий секілді күшті білім иелерінен терең білім алады. Омар шайық баласын ұлы бабаларының еліне, Арабстанға оқуға жібереді.

          Ифтихар шайық құран мен хадис, фиқх пен тарих білімдерінен терең иеленіп, жетік ғұламалар дәрежесінде Сайрамға қайтып келеді. Баласы Махмұдханды жастайынан білімге баулып, оның оқымысты, үлкен ақыл-ой иесі, ғұлама ұстаз болуына ықпал етеді. Махмұдхан өмір сүрген кезең X ғасыр өлкеміздің ең гүлденген дәуіріне тура келеді. Ол тегіне тартып, замандастарына, ұрпағына дін ілімін насихаттаған, олардың дүниеге көзқарасын кеңейткен, әдепті, мәдениетті өмір сүруге үйреткен.

 

14 15

Түрікбасы әулие сағанасының сыртқы және ішкі көрінісі

       Қарлұқтармен болған соғыста ауыр жаралы болған   Ифтихар шайық өзін осы жердегі тауға жерлеуге өсиет қылып: «Келетін дұшпандарды тосып тұрған түрік басы болып қалайын» - деген екен. Омар шайық, оның баласы Ифтихар шайық, оның баласы Махмұд шайық, одан Ибраһим шайық, оның баласы Қожа Ахмет болған. Ахмет Иасауи әулетіне байланысты «Шажарам Саадат» кітабында былай көрсетеді: «Омар шайық - Ифтихар шайық - Махмұд шайық- Ибраһим шайық - Қожа Ахмет Иасауи».

         Жалпы Сайрам елі ежелден жан-жақгы бай елдердің бірі болып саналған. Оның Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы да бұған көп септігін тигізген. Алла Тағала нұрын шашқан бұл мекенді иелену үшін елімізге жан-жақтан жау басқыншьшықтары көп болып түрған. Ел арасындағы аңызға қарағанда, сондай соғыстың бірінде Ахмет Иасауидің бабасы Ифтихар шайық басқыншыларды қазіргі Азаттық ауьшына дейін қуып барады. Сол жерге келгенде жаудың тығылып тұрған әскерлері екі жақтан бастырып келіп мұсылмандардың біразын қырады. Сол күні Ифтихар шайық шабуыл кезінде денесінің көп жерінен жарақат алған ата атынан түсіп, жерге жантаяды. Жарақаттан көп қан кетіп, денесі суына бастайды. Қасындағы серіктері жарақатын емдеуге әрекеттенеді, бірақ одан келер пайданың болмайтынын сезген Ифтихар шайық олардың әрекетін тоқтатыпты. Қасына сол маңайдағы жора-жолдасы мен туыстарын шақыртыпты. Күнінің біткендігін, соңғы сәтте оларға бір өсиетін айту керекгігін ойлап, қасына жиналғандарға: «Менің күнім бітіп барады. Өздерің қалған жауды қырып, елімізді аман сақтап қалыңдар. Сіздерді Құдайға тапсырдым. Мен өлсем әуреленбей мені мына қырға жерлендер. Қашанда болсын солтүстіктен келетін жауға қарсы түрік басы болып жатайын», - деген екен.

          Ифтихар шайық тау басына қойылған соң ол жерден бастау суы шыққан екен. Қоршауда қалған оның жауынгерлері сол судан ішіп, жаңа күш жетіп келгенше соғысты жалғастыра берген. Сол кезден бері таудың және бұл жердің аты «Түрікбасы» деп атала бастаған және зиярат қылатын орынға айналған.

Жоғарыдағы аңыздың бірінде Ифтихар аты айтылса, енді бірде оның немересі Махмұтханның аты айтылады.

 

16 17

Кесене күмбезінің ішкі көрінісі мен бұлақ суына тасталған теңгелер

 

 

 

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg