«Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан, қалаларда жүзеге асыру бойынша НҰСҚАУЛЫҚ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан, қалаларда жүзеге асыру бойынша НҰСҚАУЛЫҚ

#Руханижаңғыру_Түркістан;

#Туғанжер_Түркістан;

#Киелі_Түркістан;

#Заманауимәдениет_Түркістан;

#100жаңаесім_Түркістан;

#100жаңакітап_Түркістан;

#Латынәліпбиі _Түркістан

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан, қалаларда

жүзеге асыру бойынша

НҰСҚАУЛЫҚ

 

  1. Реестрдің   жаңа нұсқасын (үш айда нақтылау) - үлгісі көрсетілген.
  2. Өзекті мәселелер тізімін (әр айда нақтылау) - үлгісі көрсетілген.
  3. Интерактивті  алаңы  – аудан, қалада  әкім немесе әкімнің орынбасары  жауапты маманды  (модераторды)  тағайындайды (атқарылған жұмысты  орналастыру тәртібі) - үлгісі көрсетілген.
  4. Сайт  «Атамекен»

         

«Атамекенім» акциясы

«Атамекен» ҚР Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» жалпы республикалық  акциясын бастады.

Акция ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған.

«Атамекенім» акциясы арқылы бизнестің рөлін талқылауды жандандыруға, оның туған жердің дамуы үшін, жекелеген қайырымдылық көмегін көрсетуде әлеуметтік жауапкершілігін  арттыруға ниетті.

Ұсыныстар:

-         Әлеуметтік мәселелер реестрі (Әлеуметтік мәселелер реестрі  арқылы қандай да бір көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тізімге өтініш қалдыра алады. Кәсіпкерлер өтініш-тілектермен таныса алады. Өтініш қалдыратын немесе кері байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да іске қосылады.)  

-         Моральдық көтермелеу шаралары арқылы бизнесті ынталандыруды күшейту (кәсіпкердің қайырымдылық идеясын өрістету мен мәдениетін қалыптастыруға, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, демеушілік көрсетіп, үздік әлеуметтік жобаны іске асыруға, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын енгізуге қосқан үлесін жоғары бағалау.)

-         Қайырымдылықты ынталандырудың экономикалық шаралары (Салық кодексінде Кәсіпкер қызметінде әлеуметтік, экономика және экология салаларындағы  жобаларды жүзеге асыру немесе қатысу арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын ерікті түрде қолдану бойынша белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған.)

-         Кәсіпкерлік зердені дамыта отырып жаппай кәсіпкерлікке оқыту(Бизнеске оқыту кәсіпкерлік қызмет секілді прагматизм қағидасына негізделген. Елбасы мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп көрсеткен. Сондықтан кәсіпкерлік тұрғысынан ойлауды қалыптастырған маңызды.)

-         Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Facebook әлеуметтік желісінде жалпыға ортақ «Атамекенім» тобын ашты. Бұл топ әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғам мәселесін шешу үшін атсалысуға дайын, кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған. Акция мен форумның қорытындысы бойынша «Атамекен» бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытуға ынталандыру бойынша ұсыныстар топтамасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына береді.                                                                                

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg