Рухани жаңғыру

Үй

Түлкібас ауданының білім ошақтарының ішіндегі қара шаңырағы атанған Абай атындағы мектеп-лицейінің 1998 жылғы түлктері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай, баспанаға мұқтаж бір отбасыға үй кілтін ұстатты. 

"Túlkibas kóshbasshylary" тақырыбында семинар тренинг

33

2018 жылдың 17 мамыр күні Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен және "ЖАС ОТАН" жастар қанатының қолдауымен сонымен қатарТүлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ұйытқы болуымен, Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай, "Túlkibas kóshbasshylary" тақырыбында семинар тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты аудан жастарын кәсіпкерлікке баулу және көшбасшылық қасиеттері мен қабілеттерін дамыту арқылы әлеуметті белсенді тұлға ретінде қалыптастыра отырып, ауданның 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарды семинар-тренинг арқылы оқыту. Семинар-тренинг барысында аудандық кәсіпкерлік мектебінің лекторы Д.Нұранова «Кәсіпкерлікке кіріспе және кәсіпкер психологиясы», «TIME менеджмент», «Маркетинг» тақырыптары бойынша тренингке қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар-тренинг соңында кофе бреик ұйымдастырылып, тренингке қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Толығырақ...

"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" байқауы

55

2018 жылдың 16 мамыр күні Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" байқауы өтті. Байқауда ауылдық округтерден 7 үміткер додаға түсті. Жеті тарланның арасынан суырылып шығып Ақбиік ауылдық округінен қатысқан Әбдікерімов Әди  I-орынды иеленсе, II-орын Түлкібас поселкесінің үміткері Бөлебаев Мейіржанға бұйырды. Ал III-орынды Машат ауылдық округінің үмітін арқалап келген  Байжұма Бақытжан бауырымыздың қанжығасына байланды. Іс-шараның өз деңгейінде өтуіне септігін тигізген азаматтарға үлкен алғыс білдіреміз.

Толығырақ...

Киелі мекендерге саяхат

11

Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Түлкібас аудандық Ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай және Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, ауданның белсенді жастарымен «Оңтүстік Қазақстан облысының киелі жерлеріне саяхат» ұйымдастырылды. Саяхат барысында Бәйдібек ауданындағы «Домалақ Ана» кесенесіне, «Ақмешіт» үңгіріне, Отырар ауданындағы «Арыстан-баб», Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне экскурсия жасалып, кесенелердің тарихтары таныстырылды. Сонымен қатар, Түркістан қаласында саяхатқа қатысушы белсенді жастарға арнайы естелік сыйлықтары табысталды. Экскурсияның мақсаты жастардың арасында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту.

Толығырақ...

«IQ DODA» ұлттық зияткерлік сайысы

88

Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні Түлкібас аудандық Ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Т.Иманбеков атындағы ЖОМ-де, Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай және Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастар арасында қазақтың ұлттық ойындарын, салт-дәстүрін, тұрмыс-салтын, мәдениетін, құндылықтарын дәріптей отырып, ауыл жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «IQ DODA» ұлттық зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа қатысушылар V кезең бойынша бақтарын сынады. Сайыс барысында әрбір қатысушы топ «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық мүдделерімізді дәріптейтін,  жаңғыртатын тың жобалар ұсына отырып қорғады. V кезеннің қорытындысы бойынша бірінші орынды Т.Иманбеков ЖОМ, екінші орынды Ә.Молдағұлова ЖОМ, үшінші орынды С.Бреусов ЖОМ-нің оқушылары иеленіп дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Дауан ЖОМ мен Науайы ЖОМ-нің оқушыларына сайысқа белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

"Түлкібас батыры" атты дәстүрлі спорттық жарыс

12

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні, Түлкібас ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен орталық "Түлкібас Ата" мешітінде жасөспірімдер арасында "Түлкібас батыры" атты дәстүрлі спорттық жарыс өтті. Іс-шара барысында қатысушылар V-кезеңнен өтті: отжимания, садақ ату, мылтық ату, дартс және доп үрлеу. Жарыс кезеңдерінен өткен жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg