Бас мәзір

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІП ҚАТЕРДІ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОҚУ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ!

WhatsApp Image 2020 02 24 at 10.17.39 1 Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің төрағалығымен «Көктем-2020» Республикалық штабтық оқу жаттығуына дайындық тәжірибиелік шарасы Жанкент мөлтек ауданында өтті.

Оқу жаттығудың мақсаты Көктемгі су тасқыны кезеңдеріндегі қауіп қатерді алдын алу. Түлкібас ауданы азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарымен күш құралдарының дайындығын тексеру.

Жалпы шараға 34 техника, 122 адам қатысты.
Оқу жаттығу барысында елді мекендерді және тұрғын үйлерді су басу жағдайларындағы қауіпті қалпына келтіру жұмыстарына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 дана АЦ-40 негізгі өрт сөндіру автокөлігі, 2 су соратын құрылғы мотопомпа, Тұраркентсу ЖШС-нің 1 дана эксковаторы, Түлкібас жолдары ЖШС-нің 2 дана погрузшикгі Құлан өзенінде арнасын нығайту және жиналған суды сору жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ...

ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ!

87058050 209246433605729 3025652392419917824 o Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көргенін жұртшылық жаппай хабардар. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш айналымға түсіп отырған «парасатты патриотизм» ұғымының басты шартын да осы мақаласында көрсетті. Оны «Біз енді ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтын қатты сынаса да, тек бір ғана ойды-қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» - деген болатын. Осы орайда, бүгін Түлкібас ауданында Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойының ашылуына арналған мерекелік шара Састөбе кентінде бастау алды. 
Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов бүгінгі шараның кейінгі буынға бар маңыздылығын айтып, ұлы ақынның 175 жылдығына арналған жиындар жыл бойы жалғасатынын жеткізді.

Толығырақ...

Енді мемлекеттік қызметті алу тіпті оңай және ыңғайлы бола түсті

21.02.20 52019 жылдың қазан айының басынан электрондық үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қосымша мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетті, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет».

Жетілдірілген eGovmobile қолданыстағы электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4- таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тіркеп қоюға мүмкіндік береді.

Толығырақ...

Мекен-жайыңызда тіркелген тұлғаларды қалай онлайн тексеруге болады

21.02.20 3

Ол үшін сізге керек:

Еgov.kz порталына тіркелу. ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік пароль арқылы;

"мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру" қызметін таңдау және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту;

 жылжымайтын мүлік нысанын таңдау;

өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу болуы керек));

Толығырақ...

МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ САЛЫҒЫН EGOV ПОРТАЛЫНДА ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ

21.02.20 2Сіз АХАЖ саласы қызметтері үшін мемлекеттік баж салығын eGov порталының өзінде төлеуге болатындығын білесіз бе?! Кассада кезек күтпей-ақ төлемді онлайн жасаңыз. Мысалы, eGov порталында "Отбасы" санатында сіз төмендегі құжаттарды алу үшін төлем жүргізе аласыз:

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg