Бас мәзір

«ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

7G4A6348 Бүгін ауданда өңірлік «ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» атты жастар форумы өтті. Іс-шараға ауданымыздың түрлі салаларында жетістікке жеткен ең белсенді деген 360 -тан аса жас қатысты.Олардың ішінде жас кәсіпкерлер, танымал спортшылар, жоғары және орта білім беру ұйымдарының студенттері мен оқушылары  және БАҚ өкілдері болды.

Айта кетсек ауданымызда бүгінгі күні   14-29 жас аралығында  27 мың 286 жас болса, оның 8441 мектеп қабырғасында, 6490 орта және жоғары оқу орнында білім алуда. Қалған 12 355 түрлі салада қызмет атқаруда.

Өткен жылы мемлекеттік жастар саясаты аясында  35 жас мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, биылғы жылы 38 пәтер кілті жас отбасыларына берілмек. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы түрлі мекемелерге биыл 120 жасты «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланып, қазіргі таңда 98 жас  жұмысқа тартылды. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 бағдарламасы аясында биылығы жылы бизнестің бастаудың жолына баулу мақсатында 75 жасты оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 22 жас жеңілдетілген несие алуға ниет білдіріп отыр.

Толығырақ...

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

e6e18c6d 465b 472a 8c07 0ecabc450df5 2019 жылдың 8 наурыз күні әйелдер қауымының төл мерекесі қарсаныңда ауданымыздық әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкер азаматшаларымыз ерекше ықыласқа бөленді. Аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығында аудандық кәсіпкерлік бөлімінң ұйытқы болуымен аудан   әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлы өз кәсібін өрбітіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, ауданда жеке кәсіптің дамуына үлес қосып жүрген бір топ нәзікжандыларды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

7G4A6096 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Түлкібас ауданының мәдениет үйінде нәзікжандылар құрметіне мерекелік шара ұйымдастырылды. 
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні қарсаныңда Түлкібастық аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Аудан әкімінің арнайы қатысуымен өткен мерекелік концерт нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды. 

Аудан әкімі Н. Тұрашбеков нәзік жанды әйелдер қауымына ізгі тілегін жолдап, түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен жандарды алғыс хаттармен марапаттаса, көп бала дүниеге әкелген аналарды ардақтап, күміс алқамен марапаттады. Марапаттау рәсімінде өз кезегінде сөз алып, жылы лебіздерін білдірген аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Қасымбек жалғады.
Әйел - отбасындағы бақыт пен берекенің ұйытқысы. Ал 8-наурыз күні барша ер-азамат әйел қауымының еңбегін бір сәтке де болса бағалап, олардың атқарып жатқан іс-әрекеттерін мойындайтыны анық. Осы орайда, ауданымызға қарасты барлық ауылдық округ, кенттерде нәзікжандыларға арналған мерекелік шаралар өткізіліп, демеушілер тарапынан сый-сиапаттар жасалынуда.

«АРДАГЕР АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ»

7G4A5980    Көктемнің шырайлы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаныңда аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің торағасы С.Қасымбек Ұлы Отан соғысына қатысқан, ерен еңбегiмен ел құрметiне бөленген 90 жастан асқан аналардың үйлеріне ат басын бұрып, мерекелерімен құттықтады. Ар-намысты жалау еткен асыл аналарды ардақтау шарасы барысында аудан басшысы әр анамен жеке сұхбат жүргізіп, мерекеге орай сый-сияпат жасады.

    Аудан әкімі арнайы келіп, сый-құрмет көрсеткені үшін ардақты аналарымыз алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.  Жылдағы дәстүрге сай мерекеге орай бұндай игі шара барлық елді мекенде ауылдық округ, кент әкімдерінің ұйымдастыруымен жалғаспақ.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 1500 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ

7G4A5724 Бүгін «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінің ішкі көшелеріне және Түлкібас-Кемербастау бағытындағы тас жол бойына ясин, қара ағаш, акация, шие, өрік  және можевейник ағаш түрлерінің 1500 түп көшеттері отырғызылды. Акцияға аудандық «Нұр Отан» партиясының 100-ге жуық мүшелері ат салысты. Алдағы уақытта бүндай игі шаралар басқа да ауылдық округтерде өз жалғасын таппақ.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg