Бас мәзір

Дауан ауылының жаңадан соғылған бірқатар үйлеріне көгілдір отын берілді.

02.12.14 2Майлыкент ауылдық округі әкімшілігіне қарасты Дауан елді мекеніндегі  Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М.Жанисенов,  Майлыкент ауылдық округінің әкімі С.Таңатбаев,    қатысуымен  көгілдір газ қосылып, пайдалануға берілді.      Мекеме басшылары  ауыл тұрғындарының үйлерінде болып, газдың қосылу сәтіне қатысты.     

Толығырақ...

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ауданда жаңа спорт кешені ашылды.

02.12.14 11 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын дархан Түлкібас өңірінде ауқымы кең іс-шаралар өткізілді. Аудандағы барлық ауылдық округ, поселкелерде «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, кездесулер, спорттық  жарыстар ұйымдастырылды.
М.Х.Дулати атындағы мәдениет сарайында    1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік салтанатты жиын болып өтті. Жиында аудан тұрғындарын аудан әкімі Қ.Абдуалиев, жазушы –журналист Байдулла Қонысбек, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты М.Байғұт сөз сөйлеп, Елбасы жайлы ойлы-ойлы пікірлер білдірді. Жиын барысында еселі еңбек етіп жүрген бір топ  азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 

Толығырақ...

Ауданда жыл басынан бері 793 азамат жұмыспен қамтылды

27.11.14 42014 жылдың қазан айында экономикалық белсенді халық саны 55300 адамды құрады. Жалпы жұмыссыздар саны ауылдық-поселкелік округ әкімдерінің мәліметі бойынша 2300 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 4,6 пайыз.

Толығырақ...

Ауданда алма бау алқаптарын ұлғайту ерекше қолға алынуда.

27.11.14 3Аудан таулы аймақта орналасқан, ауа райы қоңыр салқын, алма-бау жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы аймақ болып есептеледі. Бүгінгі таңда барлық жеміс ағаштарының көлемі 2791 гектарды құрап отыр. 2007 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаға сәйкес алма-бау мен жүзімдік көлемі ұлғайтылып, жаңа 1064 гектар жер учаскесіне алма-бау, 143,5 гектар жер учаскесіне жүзімдіктер отырғызылды. 2007-2009 жылдар аралығындағы отырғызылған алма көшеттері қазіргі мерзімде өз жемісін бере бастады.

Толығырақ...

Оқушылар арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу болып өтті.

27.11.14 22014 жылдың 25 қараша күні «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері, Абай атындағы мектеп-лицейі және Құралай жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шара барысында Құралай жалпы орта мектебінің мұғалімі П.М.Мақұлбекова «Экстремизм ұғымы және Қазақстандағы діни, әлеуметтік ахуал» атты тақырыпта, Абай мектеп-лицейі директорының орынбасары А.Қ.Маханова «Діннің тәрбиеге әсері» атты тақырыпта және аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі  М.М. Қожамқұлова «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары» тақырыбында  баяндама жасады.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg