Бас мәзір

Футболдан облыстық турнир өтті.

«Ғарышкерлер күні» мерекесіне орай Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылындағы орталық стадионда жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир өтті. Облыстық турнирге  Қазығұрт, Сарыағаш, Сайрам, Жуалы және Түлкібас аудандарынан, барлығы 10 команда қатысты. Жеңімпаз командаларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары мен кубоктары табыс етілді.

«Тілге құрмет-елге құрмет» аудандық байқауы

Aудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі мен білім бөлімі және өзбек этномәдени орталығымен бірге «Тілге құрмет-елге құрмет» атты аудандық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тіл-қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету және халықтар достығының басты құралы ретінде мемлекеттік тілді дамыту.

Толығырақ...

Денсаулық күнін атап өтті.

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында Түлкібас аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорт мектебінің оқушылары арасында нысана көздеу, арқан тарту, асық ату және 100 м жүгіруден аудандық жарыстар өткізілді. Жарысқа 100-ге жуық балалар мен жасөспірімдер қатысты. Әр сала бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді

Күлкі - адамның өмір серігі

Өнерлі жастарды қолдау, шыңдау, шығармашылық деңгейлерін көтеру мақсатында Түлкібас аудандық М.Х.Дулати атындағы мәдениет сарайында «Күлкі – адамның өмір серігі» атты КТК ойыны өтті. Іс-шараға Жандарбеков, Б.Момышұлы, Макаренко, Кемербастау, Науаи, Сеславино мектептері мен агробизнес және саяхат колледжінің ұжымдары қатысып, сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Жандарбеков, ІІ орынды Б.Момышұлы мектептері және ІІІ орынды Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің топтары иеленді. Ұйымдастырушылар алқасы тарапынан жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды.

«Менің таңдауым Ханафи мазһабы» тақырыбында

Әлеуметтік бастамалар орталығының теолог, дінтанушы мамандары Түлкібас аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы мен Алғабас мектебінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мектеп-лицей, гимназияларының мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері, психолог, әлеуметтанушы мамандардың қатысуымен «Менің таңдауым Ханафи мазһабы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg