Бас мәзір

Ақбиік ауылында ауыз су іске қосылды.

Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл игі іс-шараға облыстық бюджеттен 169 млн. 810 мың теңге қаржы бөлініп, жұмысты «ШРМСУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Толығырақ...

«Желтоқсан қасіреті» трагедиясының қойылымы өтті.

Түлкібас ауданы М.Х.Дулати атындағы мәдениет сарайында Мәдениет басқармасы Шымкент қаласы Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры ұжымының орындауларында  жерлесіміз, белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың «Желтоқсан қасіреті» трагедиясының қойылымы өтті.

Толығырақ...

Волейболдан жасөспірімдер арасында іріктеу турнирі өтті.

Түлкібас аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан жасөспірім ұлдар арасында Қуаныш Төлеметов атындағы Халықаралық турниріне іріктеуге арналған ауданның ашық біріншілігі өтті. Іріктеу турниріне барлығы 6 команда қатысып, І-орынды Түлкібас ауданы,    ІІ-орынды Жуалы ауданы, ІІІ-орынды Сайрам ауданының жасөспірімдері иеленіп, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Аудан әкімінің халық алдындағы есебі басталды

Жылдағы дәстүрге сәйкес аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің ауылдық округ, поселке тұрғындары алдында 2013 жылдың 1-14 ақпан аралығында «Түлкібас ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері» туралы есеп беруі басталды. Аудан әкімі өз есебінде алдымен Елбасының халыққа арнаған Жолдауына тоқталып, ондағы берілген тапсырмалар жайында айтып өтті. Сонымен қатар ауданда 2012 жылы атқарылған ауқымды жұмыстар жайында фильм көрсетіліп, алда атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланды

Түлкібас аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту бағытында кездесу өтті. Кездесуге аудан аумағында әртүрлі салада жұмыс атқаратын және жұмыссыз жастар, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылары, студенттер мен метеп бітіруші оқушылар қатысты.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg