Бас мәзір

Түлкібас аудан жастары Елбасы Жолдауын қолдайды

Облыстық «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің маманы мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы Түлкібас аудан жастарымен кездесу өткізді. Алдымен Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттерімен, кейіннен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан аумағында түрлі салада қызмет ететін жастармен кездесті. Жастарға  Елбасы Жолдауын толыққанды түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізді. Аудан жастары Елбасы Жолдауын әрқашан қолдап, жүзеге асуына атсалысатындарын жеткізді. Келген қонақтар жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.

Түлкібаста жаңа нысандар пайдалануға берілді

Түлкібастықтар бүгін қоныс тойларын тойлап, бүлдіршіндер жаңа бала-бақша табалдырығын аттады.Т.Рысқұлов ауылы, №1 мөлтек ауданындағы бұрын салынған 4 қабатты әкімшілік ғимараты демеушілер есебінен аудан әкімдігінің меншігіне қабылданған. Республикалық бюджеттен 167 млн. 640 мың теңге бөлініп, тұрғын үйге қайта құрылып, ғимаратта 40 пәтер оның ішінде 1 бөлмелі 13, 2 бөлмелі 27 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үйді Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтары, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері иеленді.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg