Бас мәзір

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГІ

Түркістанда облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды. Спорттың алты түрінен өңіріміздің барлық аймағынан кіл мықтылар жиналған байрақты бәсекеде Түлкібас ауданының еркін күрес палуандары бас жүледені иеленсе, жекпе-жек спорт түрі таеквандодан күміс жүлдеге қол жеткізді. Жеңіс құтты болсын!

http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/oblys-ekiminin-kubogi-sarapka-salyndy

Өрт және иісті газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді.

WhatsApp Image 2019 12 18 at 10.57.38 1 Жылыту маусымы кезінде жеке тұрғын үй секторларында өрт шығу, адамдардың улы газдан уланудың қауіпі жоғарлайды.
Рейдтік түсіндірме жұмыстары аудан тұрғындарын Жаңа-жыл қарсаңында пиротехникалық от шашуды пайдаланбау, сауда орындарында сақтау нұсқаулықтары түсіндіру.
Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан орталығының тұрғындары мен көше бойында орналасқан сауда саттық орындары және базарлар аумағында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық жұмыс бағытында көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінді. Жалпы 16 рет ұймдастырылған рейд аясында 12 000 үй араланып, 16 500 дана ескерпе парақшалары таратылды.

«ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ»

WhatsApp Image 2019 12 18 at 10.42.21 Желтоқсанның ызғарымен келген Тәуелсіздік - әр қазақстандық үшін орны ерекше. Ата-бабаларымыз армандаған осы күнге жеткен кейінгі ұрпақ бұл мерекенің бар маңыздылығын ескеруі қажет. Осыған орай, түлкібастық мүмкіндігі шетеулі жастар арасында «Тәуелсіздік деп, соғады жүрегім» атты салтанатты шара өтті.
Аудандық «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың күндізгі қатынау бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен шарада мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндеріміз көрермендерге ән шашулары мен би өнерлерін тарту етіп, келген көпшілікті қуанышқа бөледі.

Отанымыздың тірегі тәуелсіздік!

78912568 183764346107460 2203280538804944896 o Бүгін аудандық Мәдениет үйінде 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мерекенің ашылу сәті экраннан Тәуелсіздікке дейін еліміздің кезең-кезеңімен жүріп өткен тарихи жолы көрсетіліп басталды. Мерекеге жиналған қауым мемлекеттік Гимнді қолын жүрегіне қойып орындады.
Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Күзембаев қатысып аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары бұл күннің — азат еліміз үшін айрықша күн екеніне тоқталды. Тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде Елбасымыз қандай қиын іс болса да белшене кірісіп, елді бірлікке шақыра отырып, жарқын болашаққа жол сілтеп, өзінің дара саясатының арқасында елді әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратпай, дамудың өркендеу жолына түсіргенін атап өтті.
Сонымен қатар Ерлан Бақытжанұлы Тәуелсіздік алған жылдардан бері өлкемізде атқарылған жарқын істерді мақтанышпен айтып, өңіріміздің экономикасын еселеуге өздерінің ерен еңбектерімен үлестерін қосқан азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. 

Толығырақ...

Түлкібас ауданында Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойына орай «Өңірдің ұлы тұлғасы» атты салтанатты жиыны өтті.

79197028 183756706108224 4429530932076085248 o Бүгін, Қаратау мен Алатаудың төс түйістірген мекені, табиғаты әсем Түлкібас ауданында алаштың айбынды ұлы Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған «Өңірдің ұлы тұлғасы» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынға Түлкібас ауданы әкімінің міндетін атқарушы Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы, Тұрар Рысқұловтың немересі Владимир Владимирович Рысқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Мархабат Байғұт, Тұрартанушы, жазушы ғалым Мұхтар Қазыбек, Аудандық мәслихаттың хатшысы Сейсенбаев Сәдуақас Балтабайұлы, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Қалұқұлов Өміртай және Тұрар Рысқұловтың туған туыстары мен аудан тұрғындары қатысты. 
Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Күзембаев аштып,
-Қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұлов бейнесі жылдар өткен сайын ұлтжанды ұрпаққа жақындай түсуде десек қателеспейміз. Оның азаматтығы, халқының болашағы үшін батыл да қайсар, қажырлы да қайратты болғандығы ұлтын сүйгендерге қашанда үлгі-өнеге.
Тұрар атамыздың 100,110 және 120 жылдығы ауданымызда кең көлемде аталып өтілді. Бүгін міне Т.Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойын қасиетті Түркістан өңірінің халқы ерекше құрметпен атап өтуде. Мерейтойға орай Тұрар атамыздың аяғы басқан Рысқұл ауылында ұлы тұлғаны еске алып, есімі берілген мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілсе, өздеріңізге мәлім өткен жылы ауданымыздың 90 жылдығына орай аудан орталығында және Түлкібас поселкесінде Т.Рысқұловтың ескерткіштері бой көтерді-деп, барша жиналған қауымды ұлтымыздың жанашыры Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg