Бас мәзір

«ТАУПІСТЕЛІ ТАҒЫЛЫМЫ-2019»

7G4A0869 Табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданына қарасты Пістелі ауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында «Таупістелі тағылымы» басқосу жиыны өтті. Түлкібас ауданының «Мархабат –Мирас» қоғамдық қоры мен аудан әкімдігінің  ұйтқы болуымен өткзілген дәстүрлі басқосу қазақ халқының ардақты ұлы Шерхан Мұртазаның рухына және өзбек халқының ардақтысы Насыр Фазылдың 90 жылдығына арналды.

Түркі тілдес халықтардың әдебиетін дамыту, жас қаламгерлерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Н.Отарбаев, Түлкібас ауданының әкімі Н.Ә.Тұрашбеков, Түркия, Өзбекстан елдері мен Елордамыз Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалалары және Түркістан облысы аумағынан қаламгерлер мен ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ОТАНДЫҚ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕРДІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

7G4A0233 Қазіргі таңда кино өнері қоғам қалыптастыруда, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде өте маңызды идеологиялық құралға айналғаны белгілі.

 Бүгін аудандық мәдениет үйінде Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында «Ұлы дала ізімен» жобасы аясында облысымыздағы қала, аудандарда Түркістан өңірінде түсірілген анимациялық фильмдер апталығының Түлкібас ауданындағы салтанатты ашылу іс-шарасы өтті.

    Елбасымыз мақалаларында атап көрсеткен  басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында «Ордабасы – бірліктің туы», «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан» анимациялық фильмдері және «Төле би» атты 10 сериядан тұратын  кинохикая түсірілген болатын. Сол жобаның бірі, Республикамызға танымал, жергілікті «САҚ» киностудиясы түсірген жақында ғана тұсауы кесілген «Ордабасы – бірліктің туы» және «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмдерін көрсетілімін Түлкібас ауданының жастары тамсана тамашалады.

 

КЕЗЕКТІ АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

7G4A0080 Бүгін кезекті рет өңір басшысы Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өткізіліп, ауданның   әлеуметтік – экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы саласында халықты жұмыспен  қамту мақсатында ұсынылған жобалардың (зәкірлік жоба) және аудандағы егістік, жайылым  жерлерді электронды картаға енгізу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары, жылу беру маусымының қорытындысы және жобалау сметалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы мәселелері кеңінен талқыланды.

          Аудан әкімдігінің мәжілісіне аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық мәслихаттың хатшысы, ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары, ауданның төбе биі, аналар кеңесінің төрайымы және медиаторлар, ауылдық округ, кент әкімдері, дербес бөлім басшылары, полиция бөлімінің бастығы, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Толығырақ...

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Anticorruption agency KZ Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қамбатыров Нұрлан Дәулетұлы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды.

Толығырақ...

АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАУЫ

7G4A9950 Бүгін аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы аудандық «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің редакциясына арнайы ат басын бұрып, газет тілшісі, жазушы Орынтай Өксікбайұлы Көмековты айтулы 63 жас туылған күнімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Аудан басшысы шара барысында редакцияның баспасөз орталығында ауданның ақын-жазушылары және зиялы қауым өкілдерімен сұхбат өткізіп, жоспарларымен бөлісті.
Жиын барысында жергілікті ақын-жазушылар өз өлендерін оқып, туылған күн иесіне деген ыстық лебіздерін білдірді.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg