Бас мәзір

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ!

WhatsApp Image 2020 05 27 at 09.53.46 Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы М. Жанесеннің "Шомылу маусымындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау туралы іс-жоспары" кестесіне сәйкес Аманкелді ауылы, Арыс өзені, Шарафкент ауылы, Балықты өзенінде демалушылармен "Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында белгіленбеген жерлерде шомылу қауіптілігі мен алдын алу бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, 35 дана ескертпе парақшалары таратылды. Үгіт насихат жұмыстарына Түлкібас ауданының ТЖБ-нің бастығы а.қ. подполковнигі Б. Әзімбаев, №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы а.қ. подполковнигі Е. Тойлыбаев, аға инженер а.қ. капитаны Б. Оксикбаев, АПБ Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау тобының инспекторы полиция майоры Н. Мұздыбаев қатысты.

Толығырақ...

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК МЕКЕНІ!

WhatsApp Image 2020 05 27 at 09.33.22 1 Бүгінде еліміз көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. Түлкібас ауданында 29-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осыған орай аудан әкімі Нұрлан Байғұт достық пен татулықтың мекеніндегі аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, аудандық өзбек, түрік және славян этномәдени орталықтарының төрағаларымен төрайымын қабылдады.
Кездесу барысында ұлтаралық татулықты сақтаумен, өзге ұлт өкілдерімен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, насихаттап жүрген кеңеспен этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда, Түлкібас ауданында 112 599 адам бар. Соның ішінде: қазақтар – 92632 (82.3%), әзербайжандар – 6696 (5.9%) өзбектер – 5772 (5.0%), орыстар – 5532 (4.9%), басқа ұлттар – 1997 (1,9 %) құрап отыр.
Басқосуда аудан тұрғындары арасында карантин режимі қатаң сақталу қажеттігі және қоғамда талқыланып жатқан әр бір мәселе қараусыз қалмай, заң аясында әділ шешім қабылданып, ескерілуі тиіс екені айтылды.

Толығырақ...

АУДАН БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

WhatsApp Image 2020 05 27 at 08.42.03 1 Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелерін қабылдады.
Қабылдауда аймақ ардагерлерінің жағдайы мен кеңестің қоғам өміріндегі маңызы және коронавирус індетінен сақтану шаралары талқыланды.

Бүгінде аудандық ардгерлер кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Өңірде 15 бастауыш ардагер ұйымдары және 47 цехтық ұйымдар бар. Аталған ұйымдарға 7700 ардагер мүше.
Кездесуде аудан басшысы әр ауылдық округтің ардагерлерімен жеке танысып, ұсыныс- пікірлерін тыңдады.
Күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі коронавирус пандемиясының алдын алу бойынша сақтық шараларын күшейту болды.

Жиында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Н.Тултаев індеттің таралу ахуалы бойынша қысқаша баяндап өтіп, алдын алу шараларын тарқатты.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы,
«Елімізде карантин режимінің созылуына байланысты ауданымызда сақтық шаралары жалғасатын болады. Осы ретте өздеріңізбен бірге жаман аурудың алдын алу мақсатында ресми ақпарат көздеріне сүйене отырып, түсіндіру жұмыстарын бұқара халық арасында жүргізуге және ауыл аймақтарда жеке кәсібін ашуға қызығушылық танытқан азаматтар қатарын арттыруға насихат жұмыстарын жүргізуге шақырамын. Өйткені, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы ғана біз, төтенше жағдай режимінен зардап шеккен экономикамызды қайта жаңғырта аламыз»-деп, ауданымыздың ұлт аралық достық пен ынтымақтың сақталуына және кейінгі ұрпаққа тәрбие беру жолында өлшеусіз үлес қосып жүрген қазыналы қарттарымызға зор денсаулық пен баянды ғұмыр тіледі.

Толығырақ...

Әлеуетті өнім берушілердің назарына!

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша «Әлеуметтік қызметтер порталы» кезең-кезеңімен енгізілуде.

Толығырақ...

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР!

101250316 2888543967928590 3979382895910322176 n Соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектеп түлектері еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. 1541 түлек «Алтын белгіге», 1240-і «Үздік аттестатқа» үміткер.
Өткен жылы ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды жинаған біздің облыстың түлегі болатын. Биыл осы беттеріңізден таймай, көпке үлгі көрсетесіздер деп сенемін. Бұл бағытта облыс ұстаздары оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етуде.
Баршаңызды бүгінгі соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg