Бас мәзір

Түркістандық жүргізуші көлігін онлайн тіркеу арқылы 10 мың теңге ұтып алды

465 «Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілер арасында өткен «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек» атты байқаудың қорытындысын шығарды. Ұтыс ойыны астаналық мамандандырылған ХҚО-да өтіп, корпорацияның ресми Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда жарияланған байқау бір айға созылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар өз көліктерін 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталында онлайн тіркеуі тиіс болатын.

Айта кетейік, бұл шара бұған дейін өткізілетін барлық шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы болды - байқауға барлығы 4 696 адам қатысты.

Байқаудың басты демеушісі – Aster Auto ұсынған жүлделер автоәуесқойлар үшін нағыз пайдалы сыйлық болды. Олардың арасында дөңгелектер жиынтығы, сақтандыру полисі, көлік жуу абонементі (автокөлікті химиялық тазалау), бейнетіркегіш, май ауыстыру және толық баг жанар-жағармайға талон бар.

Жеңімпаз ЖСН-ның кездейсоқ генерациясы әдісімен анықталды. Қорытындысында түркістандық Серік Сұлтанов, жамбылдық Майя Аманжолова, қызылордалық Әділет Асқаров, павлодарлық Сергей Смешеев және Алматы облысының тұрғыны Қуаныш Бегалиев бағалы сыйлық иелері атанды. Бас жүлдеге қойылған дөңгелек жиынтығына ақшалай сертификатты Қостанай қаласының тұрғыны Николай Потоцкий ұтып алды.

«Мен үшін бұл нағыз тосынсый болды. Ұйымдастырушылар қоңырау шалып, сіз бас жүлдені ұтып алдыңыз дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Мен үшін көлігімді еш қиындықсыз, жылдам, бірнеше минутта онлайн тіркегеннің өзі сыйлық еді. Ұйымдастырушыларға осындай шын мәнінде пайдалы жүлде үшін рақмет айтқым келеді. Енді барлық қызметті тек онлайн әдіспен аламын», – деп түркістандық Серік Сұлтанов өз қуанышымен бөлісті.

Айта кетейік, бұл «Азаматтарға арналған үкімет» өткізетін соңғы байқау емес. Он үшінші тамызда жаңа босанған аналар арасында «Анаға цифрлық көмек» атты байқау жарияланған болатын. Байқау шарты бойынша ата-аналар бала туу жөніндегі жәрдемақыға өтінішті онлайн рәсімдеп, балаларға арналған тауарлардың иесі атана алады.

«АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ-ХАЛЫҚ АЙНАСЫ»

WhatsApp Image 2019 09 17 at 09.55.51 Күн санап дамып келе жатқан ауданымызда тазалық жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Ауданда көктем мезгілінен бері аудан әкімідігінің ұйытқы болуымен 21 сенбілік өткізіліп, аудан бойынша 634 шқ көше бойлары, 110 шқ жаяу жүргіншілер жолдары, 18 га саябақтар мен скверлер тазаланды, 768 тонна қоқыс шығарылып, оның ішінен 81,3 тонна қайта өңделуге жіберілетін (шиша, пластик, қағаз өнімдері) сұрыпталып алынып, қайта өңдеу орындарына өткізілді. 7584 шаршы метр үй қасбеттері әктеліп сырланып, 118120 дана ағаш түптері әктелді.
#гүлденгентүлкібас

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

1 Кәсіпкерлік ел дамуына салмақты үлес қосатын күшке айналғанда ел экономикасының өркендейтіні анық. Яғни, бұл саладан түскен табыс та қомақты, жұмыспен қамтылушылар саны да біршама жоғары. Бүгінде елімізде кәсіпкерліктің тынысын кеңейту бағытында түрлі бағдарлама қабылданып, тиімді жобалар жүзеге асуда. Олардың нәтижесі де жоқ емес.
Биылғы жылы Түлкібас ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласында тәуекелге бел буып, өз ісін ашып жатқандар саны артқан. Мәселен, 2018 жылдың 7 айлық қорытындысымен ауданда жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субьектілрінің саны 6531 болса, 2019 жылдың тиісті кезеңінде 6956 құрап, сауда және шағын орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 425-ке артып отыр. Бұл дегеніміз ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстардың дұрыс жолға қойылғандығының бірден-бір дәлелі.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

WhatsApp Image 2019 09 16 at 17.49.48 Кеше, 14 қыркүйек күні Шымкент қаласында қала тұрғындарына арналған Түлкібас ауданының ауылшаруашылық және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге алма, картоп, жүзім сиякты бақша өнімдері, ет, құрт, қаймақ тағы баска тамақ өнімдермен қатар республика көлемінде таралып жүрген "Майлыкент сүт", "Песня лета", "Аква серевро" сиякты аудандағы кәсіпорындардың өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге кала әкімі Е.Айтаханов пен аудан әкімі Н.Тұрашбеков келіп, аралады.

Бастама ретінде Түлкібас ауданына қарасты 15 ауылдық және кенттік округтерінен келген шаруа қожалықтардың өнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарығынан 10-15 % төмен бағада ұсынылды. Жәрмеңкеде жалпы 45 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сауда қатарларына шығарылды.
Шараның мақсаты отандық өнімдерге қолдау көрсету және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік бағасын тұрақтандыру.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы және Түлкібас ауданы әкімдігінің тікелей ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шара барысында тектілер шыққан қасиетті Түлкібас өлкесінің әншілері ән айтып, кала тұрғындарының көңілін көтерді.

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІДЕ

7G4A3248 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тіреледі» деп, осы салаға ерекше басымдық беру қажеттігін айрықша атап көрсеткен болатын.  Ауданымызда бұл бағытта атқарылып жатқан игі істер баршылық.                        Биыл А. Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде оқушылар өздерінің заман талабына сай қайта жасақталған білім ұясында оқуды бастаған болатын. Күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында басталып тамыз айында аяқталды. Жөндеу жұмыстары барысында ішкі электр желілері толығымен жаңартылып, есіктері ауыстырылды. Мектептің іші – сырты боялып, 1050 кв метрге линолеум төселді, акт залының сахнасы ауыстырылды. Спорт залы толығымен жаңартылды. Және демеушілер есебінен асхана жөндеуден өтіп, 224 дана жалюздер алынды. Мектеп ауласына жаңа асфальт төселіп, аяқ жолдар мен бардерлер ауысты.                                                                                                Жалпы құрылыспен «Спецтех-1 ЖШС» айналысып, мамандар құрлыс жұмыстарының жоғары деңгейде жасалғандығын айтып отыр. Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек мектепке жаңадан салынып жатқан қосымша ғимараттың да құрылысы қарқынды жүруде.                        Әлеуметтік саладағы мұндай бетбұрысқа тұрғындар дән риза. Жаңа ғимаратта білім нәрімен сусындаған шәкірттердің де қуаныштарында шек жоқ. Күрделі жөндеуден өткен бұл мектеп болашақта оқушылардың сапалы білім алуына негіз болатыны сөзсіз.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg