Мемлекеттік қызмет көрсету
- Толығырақ
- Жарияланды 13.11.2019 15:02
- Қаралды: 316
«Нұр Отан» партиясының пилоттық режимдегі кадрлық резерві
- Толығырақ
- Жарияланды 12.11.2019 09:37
- Қаралды: 403
Түлкібас ауданында «Нұр Отан» партиясының пилоттық режимдегі кадрлық резервін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде іске асуда. Бүгін Партиялық кадрлық резервке іріктеу жұмыстары аясындағы жария пікірталастар бекітілген кестеге сәйкес Мичурин, Тастұмсық, Жаскешу және Балықты ауылдық округтерінде өтті. Пікірталас барысында әр үміткер ауылды көркейту мақсатындағы өз жоспарларын ортаға салып, іске асыру жолдарымен бөлісті.
МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ӨЗДЕРІ ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАДЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 07.11.2019 15:48
- Қаралды: 1025
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылып, мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарына (бұдан әрі - ТОҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алады.
Мүгедектерді оңалту құралдарына протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ мүгедектер арбалары жатады. Арнайы әлеуметтік қызметтер жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емделу қызметтерін қамтиды.
Бүгінгі күні TОҚ және жоғарыдағы қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі.
Порталдың енгізілуі оңалту қызметтеріне қажеттілікті айқындайды. Ең бастысы, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарының қызмет алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, себебі мүгедектер қажетті құралдар мен қызмет түрлерін өздері таңдай алады.
Порталды енгізу нәтижесінде TОҚ және арнаулы әлеуметтік қызметтерді проактивті формат арқылы тағайындау бизнес-процестерінің мерзімі 1-2 аптаға дейін қысқарады.
«Адалдық сағаты» өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 06.11.2019 19:18
- Қаралды: 975
Бүгін Түлкібас ауданының барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті.
«Парасаттылық» тақырыбында өткен біріңғай сағатында адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер түсіндірілді. Осы құндылықтар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі болып табылады.
Аудандық білім мекемелерін қамтыған «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Бұл игі бастамада «Nur Otan» партиясының, «Атамекен» ҰКП, ардагерлер алқасының, жастар ұйымдарының аудандағы өкілдері, сондай-ақ, білім беру саласының үздіктері, Парасаттылық елшілері, арнайы мониторингтік топ өкілдері, қоғам белсіндерілері білім алушыларға дәріс оқыды.
Аудан әкімі
Тұрашбеков Нұрбол
Әбдісаттарұлы