Бас мәзір

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ПАРКТЕР ШЕРУІ-2019» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

7G4A7743 Бүгін Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылында Алатау тау бөктерінде «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының» және аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Парктер шеруі-2019» табиғатты қорғау акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты — жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік билігі бар органдардың алдында табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, қажетті ақпараттар легімен таныстыру.

«Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елдерінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. 

Аталмыш шараға Еліміздің болашағы жастар және елді мекен тұрғындары белсене қатысып, қоршаған ортамызды қорғауға, табиғатты аялауға атсалысуға шақырды. 

Акция барысында мектеп оқушылары арасынан «Табиғатта  әр бір нәрсе маңызды» атты  әдеби байқауы, «Көктемнің сыйы» атты қолөнер байқауы, «Құстар  біздің досымыз» және «Қорығым – мақтанышым» атты сурет байқаулары ұйымдастырылды. Байқау қорытындысымен жеңімпаздар арнайы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы тақырпқа сай концерттік бағдарламамен жалғасты.

Аталмыш акция ағымдағы жылдың 5 мамыр «Табиғатты қорғау» күніне дейін жалғаспақ.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

7G4A7695 Түлкібас ауданында «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалы ашылып, өз жұмысын бастады. Мекеменің мақсаты ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту, мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады. Бүгін аталмыш мекеме уәкілі Ізтлеуов Нұрбек Асылбекұлы аудан әкімдігінің кіші залында 2019 жылға арналған кәсіпкерлік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында жеке кәсіпкерлермен кездесті. Жиынға аудан аумағында орналасқан ауылдық округ, кенттерден кәсіпкерлер қатысып салаға қатысты көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптарын алды. 

Өз жеке кәсібін ашам деуші азаматтар аудан орталығы Қонаев көшесі №16а үйде орналасқан «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан» қажетті ақпаратты алуға болатындығын хабарлаймыз. Байланыс сымтетігі 8 725 38 51-088

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

7G4A7685 Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Түлкібас ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған жеңілдетілген несиелер беру бағыттарын түсіндіру мақсатында мәжіліс өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлының төрағалығымен өткен жиынға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Абильдинов Тимур Оңалұлы, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ» Түлкібас ауданы бойынша аймақтық менеджері Шерімқұлұлы Ержан, Ырыс» Микроқаржы Ұйымы ЖШС Түлкібас ауданы бойынша аймақтық менеджері Дүйсенбиев Мақсат Кенжетайұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының кредит бөлімінің басшысы Исахов Асланбек, аудан аумағында жеке кәсібін іске асырып жатқан азаматтар мен өз кәсібін ашам деуші тұрғындар қатысты.

Толығырақ...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-ЖИНАЛЫС ӨТТІ

7G4A7615 2019 жылдың 4 сәуірінде Түлкібас ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мұхиденұлының қатысуымен жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізілді. Семинарда аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы  төрағалық етті.

Семинарға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ және кент әкімдері, аудандық аурухана басшысы, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында Түлкібас ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылдың

Толығырақ...

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1658a08b cca7 4d26 a798 5e1141bdd273 Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні «Отырар» телеарнасының ресми сайтында Түлкібас ауданына қарасты Тастұмсық елді мекенінде орналасқан мазарат аумағында күл-қоқыс пен мал өлекселері жатырғаны туралы мақала жарық көрген болатын.

Мақалада көрсетілген мазарат аймағының күл-қоқысын тазалау мәселесі наурыз айында жергілікті ауылдық округ әкімдігі тарапынан сол маңайдағы мал шаруашылығымен шұғылданатын жеке кәсіпкерлердің басын қосып, тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өткен болатын. Алайда, көктемгі жауын-шашынның себебінен бүгінгі күнге дейін тазалық жұмыстарын іске асыру мүмкін болмаған.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg