Бас мәзір

«БІЛІМ- КҮНІНЕ ТАРТУ »

WhatsApp Image 2019 09 02 at 09.16.01 Бүгін Түлкібас ауданында әлеуметтік нысандардың қатары тағы бір нысанмен толықты. Ауданымызға қарасты Азаттық ауылында жаңа мектеп халықтың игілігіне жаратылды. Заманауи үлгідегі білім ошағы 600 орынға есептелген. Білікті мұғалімдер мен оқушылар үшін бұнда барлық жағдай жасалған. Жаңа ғимарат заман талабына сай 2-информатика, 1-физика, 1-химия, 2-мультимедиа, 2-лингофон, 1-биология кабинеттері, 4-шеберхана, спортзал, акт залы, кітапхана, асхана және медициналық кабинеттермен қамтылған.
Қуанышты сәтті тамашалауға аул тұрғындары тайлы- тұяғы қалмай жиналды. Немерелері осында оқитын қариялар батасын беріп, ақ жаулықты аналар шашуларын шашты білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Н.Тұрашбеков арнайы келді.
Салтанатты шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы,
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» дегендей, біз келешек ұрпаққа жақсы білім беруді басты назарда ұстауымыз қажет. Ал, жастарымыздың сапалы білім алуына жағдай жасау Сіздер мен біздің басты міндетіміз.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ҰЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

WhatsApp Image 2019 09 02 at 09.15.26 Егемендік алған жылдан бері Түлкібас ауданында 27 мектеп, 30-дан астам балабақшалар салынып ел игілігіне берілсе, бүгін міне аудандық білім ошақтарының қатарына Азаттық ауылынан су жаңа 600 орындық мектеп қосылып отыр.
Қуанышты сәтті тамашалауға ауыл тұрғындары тайлы- тұяғы қалмай жиналды. Немерелері осында оқитын қариялар батасын беріп, ақ жаулықты аналар шашуларын шашты білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Н.Тұрашбеков арнайы келді.
Салтанатты шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы,
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» дегендей, біз келешек ұрпаққа жақсы білім беруді басты назарда ұстауымыз қажет. Ал, жастарымыздың сапалы білім алуына жағдай жасау Сіздер мен біздің басты міндетіміз. Сондықтан, болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек етейік қадірлі ұстаздар. Жас ұрпағымыз білімді, тәрбиелі азаматтар болуы, өркениетті елдердің қатарына қосылудың бір кілті- деп, жиналған қауымды білім күні мекресімен және жаңа білім ұясының ашылуымен құттықтады.
Жаңа ғимарат заман талабына сай 2-информатика, 1-физика, 1-химия, 2-мультимедиа, 2-лингофон, 1-биология кабинеттері, 4-шеберхана, спортзал, акт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинеттермен қамтылған.

Толығырақ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ» АШЫЛДЫ

WhatsApp Image 2019 08 29 at 14.29.04 1 Бүгін ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай тоғыз жолдың торабы ұлы «Түркісіб» теміржолының бойында орналасқан Түлкібас кентінде «Рәміздер алаңы» ашылып, ел игілігіне берілді.
Нысанның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков, аудан тұрғындарын тарихи мәні зор, мерейлі мереке - Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдық мерекесімен және рәміздерімізге құрмет көрсету мақсатында Түлкібас кентінде мерекеге орай «Рәміздер алаңының» ашылуымен құттықтап, егемдік алған жылдан бері ауданымызда атқарылған істерге тоқталып өтті.
Сондай-ақ, мерекелік шарада аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ө.Маткеримов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбекте аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған рәміздер алаңының ауданымызда бой тіктеуі - рухани жаңғырудың алғашқы қадамдары деуге болады.

Толығырақ...

ӨТКЕН ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰБТ-дан ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

7G4A1045 Жаңа оқу жылының басталар шағында өткізгелі отырған Тамыз кеңесі - ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын аудан орталығындағы мәдениет үйінде болып өтті.
Кеңесте мектептердің өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысына жан-жақты талдау жасалынып, алдағы міндеттер айқындалды. Кеңеске дейін ауданда аудан ұстаздарының қатысуымен әрбір өзекті мәселелер секция бойынша қаралып, алдағы атқарылатын жұмыстар сарапталып, талқыланды.
Кеңес барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қадірбек өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
Сондай-ақ, кеңес барысында бір топ ұстаздар қауымы жарыссөзге шығып, өз ойларымен бөлісті.
Шара барысында, тәрбие және білім беру жолында өлшеусіз еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы марапатталды.
Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Н.Тұрашбеков, - білім беру – тұлғаның табиғаты мен болмысын қалыптастыратын, балаға өмірден өз жолын табуды үйрететін аса күрделі де, жауапты мамандық. Сол себепті бүгінде елімізде білім саласына ерекше көңіл бөлініп, оқушыларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Соңғы 28 жылда ауданымызда 27 мектеп, 37-дан астам балабақшалар салынып ел игілігіне берілсе, биылғы жылы Азаттық ауылынан 600 оқушыға арналған жаңа білім ұясы білім күніне орай пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Пушкин, Бреусов, Шевцов, Кошевой, Жамбыл, Сеславино, Алтынсарин мектептеріне күрделі жөндеумен қосымша корпус құрылыстары жүруде. Оқушылар заман талабына сай электронды оқулықтар, түрлі оқу құралдармен қамтамасыз етілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданның білім көрсеткіші жыл сайын жоғарылап, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде-екенің айтып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептерде IT-сыныптарын ашу қолға алынуда. Уақыт ағымына сәйкес, пайда болған технологияны жас ұрпақтың бойына сіңіру - басты міндет. Осы мақсатта аудандағы А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің мәртебесі ақпараттық-технология мектеп-лицейі болып өзгертілді. Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінен IT-сыныбы ашылады. Осы аталған мектептер жыл соңына дейін тиісті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі.
Білім беру саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Бүгінгі таңда аудандағы 75 мектепке дейінгі ұйымдарда 6470 бала тәрбиеленуде: мемлекеттік балабақша саны-18 (2174), жекеменшік балабақша саны- 31(3265), шағын орталықтар саны – 26 (1031) Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, ауданымызда 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қамту 100 % - ды құрады. Ауданда 59 жалпы орта мектеп жұмыс істейді, онда 21911 оқушы білім алуда. Оның: Жалпы орта мектептер саны 45 (21259), Негізгі мектептер саны 5 (469), Бастауыш мектептер саны 9 (183). Ауданда 2719 мұғалім жұмыс атқарады, оның 2612-сі оқытудың жаңартылған бағдарламасы бойынша курстардан өтті. Жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін 1727 мұғалім 30%-дық және педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуден өткен 582 мұғалім біліктілігіне байланысты 30-дан 50% - ға дейін қосымша ақы алады.

Толығырақ...

«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 2 млн-нан астам өтініш тіркеді

26 08 «Азаматтарға арналған үкімет» бір жылда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бойынша 2 млн 30 мыңнан астам өтініш тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі Әділет министрлігінің құзіретінен мемлекеттік корпорацияға 2018 жылдың 30 шілдесінде берілген болатын.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарының тұрғындары жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтерін ең белсенді алушылар болып отыр. Атап айтсақ, 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін Алматы қаласы мен Алматы облысында 228 мыңнан астам өтініш тіркелген, елорда тұрғындарынан 209 мыңнан астам және Қарағанды облысынан 157 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Ал Қызылорда (58 мыңнан астам өтініш), Атырау (62 мыңнан астам өтініш) және Маңғыстау (73 мыңнан астам өтініш) облыстарында жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметіне деген сұраныс төмен.

Айта кетейік, көрсеткіштерді есептеу кезінде құқықтың пайда болуы, деректердің өзгеруі, ауыртпалықтарға және екінші деңгейдегі банктермен келісім шартқа отыру бойынша өтініштер ескерілді.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg