Бас мәзір

Түлкібас ауданында тау пістесінің (фисташка) өсетінің білесіздер ме?

79837891 183023759514852 3721521782537060352 o Табиғатына көз тоймайтын Түлкібас ауданы өзінің таңғажайып табиғатымен ғана емес, жеміс-жидек пен сан алуан түрлі өсімдіктер өсетін өлке болып ерекшеленеді.
Түлкібас ауданына қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне кіретін Тау Пістелі аймағының басты ерекшелігі – тау пістесі. Мұның кереметі – көктемде. Көктемде тау пістесі гүлдегенде, оның хош иісі бүкіл ауыл аумағын жайлап кетеді. Тау пістесі дегеніміз – фисташка. Кәдуілгі тікенекті бұтада өсетін жаңғақ секілді пісте. Бір ағаштан ары кеткенде екі-үш келі пісте алуға болатынын айтады мамандар. Қыркүйектің ортасына пісте толығымен піседі. Жаңғақ ағашына қарағанда, өнімді аз береді. Соған қарамастан, тау пістесін өсіріп бастағандар да бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Жеңісбеков Ержан Жеңісбекұлының сұхбаты:

IMG 1781 Ержан Жеңісбекұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үш жыл бұрын құрылған, қазір мемлекеттік қызметтерді көрсету тұрғысында қандай жаңашылдықтармен бөлісе аласыз?

Осыдан үш жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» жобасы аясында құрылған мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» секілді төрт ірі кәсіпорынды біріктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету саласының біріңғай провайдеріне айналды. Осы үш жылдың ішінде қызметтердің дені оңтайландырылып, электронды форматқа өтті, бір жүйеге келтірілді.

Проактивті және композитті қызмет көрсету форматын енгізгеннен соң талап етілетін құжаттар саны мен қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. Атап айтсақ, қазір азаматтар зейнеткерлікті бір ғана өтінішпен рәсімдей алады, ал  босанған аналар баланың туу туралы куәлігі мен сәбидің күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеу, бөбекті балабақша кезегіне қою ­сияқты үш қызметке ешқайда бармай-ақ, ұялы телефонның көмегімен өтініш беру мүмкіндігіне ие болды. Биылдан бастап осы қызметке  баланы мекен-жайы бойынша тіркеу қызметі де қосылды. Жаңа босанған ана sms-ке жауап бере отырып, перзентханадан шықпай тұрып барлық құжаттарын рәсімдей алады. 

Айта кетейік, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып осы проактив әдісімен мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырды.

Толығырақ...

Табиғи «Ірімшік өнімдері»

WhatsApp Image 2019 12 05 at 10.12.28 Бүгінгі Ералиева Маржан есімді кейіпкеріміз 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды оқып, 3 млн. теңге мемлекеттік грантқа ие болған.
Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ баба ауылының тұрғыны Ералиева Маржан бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарлама арқылы алған грант қаржысына қоспасыз табиғи «Ірімшік өнімдерін» шығару цехіне қажетті барлық құрал жабдықтарын алып, әртүрлі пішіндегі ірімшік өнімдерін шығаруда.
Маржан көп жылдан бері кондитерлік цехті ашуды армандағанын айтып, бүгінгі таңда сол арманы мемлекеттің қолдауының арқасында жүзеге асқаның тілге тиек етті.
Қазіргі кезде өз өнімін ауданымыздың сауда орталықтары және Шымкент, Тараз қалаларына өткізіп отырған іскер ана, алдағы уақытта үлкен цех соғып, кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы

DSC 0025 Түлкібас ауданында ағымдағы жылдың 04 желтоқсан күні «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында аудан әкімдігі және ХҚКО мамандарының ұйымдастыруымен дербес бөлімдердің, ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жауапты мамандарын қатыстыра отырып семинар-тренинг өтті. Қазіргі кезде ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға мүмкіндік бар екендігі және мобильді қосымшаны мобильді үкіметте тіркелген Қазақстан Республикасының әр-бір азаматы пайдалана алатындығы айтылды.  

Сонымен қатар, мобильді үкіметте тіркелуге:

1. Электрондық үкімет порталы (ЭҮП);

2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтуге болады.

       eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market (талап етілетін нұсқасы Android - 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы),AppStore-дан (талап етілетін нұсқасы iOS - 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.

Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялануға болады.

Egov mobile жаңа мобильді қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:

Толығырақ...

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

77317103 180878216396073 5321979111315341312 o 2019 жылдың 25 қарашасында Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесуі барысында партияны жаңадан жаңғырту мақсатында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыруды тапсырған болатын.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 28 қараша күні облыстық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Ө.Шөкеев аудандардағы партия филиалдарынының төрағаларын жинап, актив отырысын өткізген болатын.
Актив отырысында Өмірзақ Естайұлы «Партияны қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасады» – деп, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінде берілген тапсырмалары бойынша жұмыс күшейетінін мәлімдеді.
Бүгін партия жұмысын жандандыру бойынша аудандық филиалдарға жүктеген тапсырмаларды іске асыру жолдарын талқылау мақсатында аудандық партия филиалының белсенділері «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында бас қосты.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg