Бас мәзір

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

7G4A8807 Таңқурай жемісі таулы аймақтарда өсуге бейімделген. Осыны ескерген облыс әкімі Ө.Шөкеев табиғатының қолайлығына қарай облысымыздың таулы аудандарына таңқурай шаруашылығын дамытуды тапсырған болатын.
Облыс әкімінің тапсырмасын іске асырып, Түлкібас ауданында таңқурай шаруашылығын дамыту мақсатында жүйелі шаралар іске асуда.
Кеше осыған орай аудан әкімі Н.Байғұт ауылшаруашылық бөлім басшысы мен таңқурай егуге қызығушылық танытқан аудандық кәсіпкер Е.Байжанов пен таңқурай егуді көп жылдан бері кәсіпке айналдырған Алматы облысының азаматы Б.Айымбетовты қабылдады.
Аудандық кәсіпкерлермен таңқурай егу бойынша келісім-шарт түзу мақсатында Алматы облысынан арнайы келген ЖК «Абишевтің» өкілі Бауыржан Айымбетовтың айтуынша,

Толығырақ...

Түркістан облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

WhatsApp Image 2020 05 18 at 12.20.17 Түркістан облысы бас санитарының шешімімен 18 мамырдан бастап аймақтағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жалғастыра бастады.
Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін және оларды ұсыну форматын да қамтиды.
Енді азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі», электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет.
Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Толығырақ...

Аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы

1

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

WhatsApp Image 2020 05 18 at 11.12.25 Аудан əкiмi Н.Байғұттың тɵтенше жағдайлар жедел штабында берген тапсырмаларына сəйкес Майлыкент, Тастұмсық ауылдық округтерінің бел ортасынан ағып өтетін Арыс өзенінің қауiптi жағалаулары iрi тау тастарымен нықтап, күшейтiлуде. Атап ɵтерлiк жайт аталған жұмыстарға бюджеттен қаржы бɵлiнген жоқ. Iрi қой тастар "Састɵбе TЕХНОЛОДЖЕС" ЖШС басшылығымен келiсiм бойынша алынса, тасымал жұмыстары жергiлiктi мердiгер компаниялар кɵмегiмен iске асуда.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

WhatsApp Image 2020 05 18 at 09.03.29 1 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Adal kómek» жобасы аясында халықпен тиімді байланыс құруды жалғастыру мақсатында әлеуметтік желіде тікелей эфирде бекітілген кестедегі тақырыпта және белгіленген уақытта аудан әкімі және орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары және ауылдық округ, кент әкімдері аудан әкімдігінің фейсбук парақшасында (кіру үшін сілтеме https://www.facebook.com/profile.php?id=100011409052799) баяндама жасап, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға онлайн жауап береді.
Түлкібас аудыны әкімдігінің баспасөз қызметі

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg