Бас мәзір

Аудан әкімі Н.Байғұт аудан орталығы Майлыкент ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

96678923 1318006318589657 8749037991873216512 o Соның бірі, М.Ломоносов мектебінің күрделі жөндеу жұмысы. Көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен іске асуда.

Білім мекемесін аралаған аудан басшысы ғимараттың сырқы келбетін жаңбыр мен желге төзімді сайдник материалымен қаптау қажеттігін ескеріп, аудандық білім бөлімінің басшысына сырқы құрылыс жұмыстары басталмай тұрып қайта есептеу жүргізуді тапсырды.
Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары барысында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңадан орнатылып, кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылмақ.

Айта кетерлігі, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында аталмыш ғимараттың құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылардың 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрап отыр. Бұл дегеніміз аудан тұрғындарына қосымша жұмыс көздері ашылды.
Содан соң, аудан басшысы Қараағашты ауылынан бой көтеріп жатқан «Etno Park Resort» этно ауыл жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоба, 4 қабатты қонақ үй (32 төсек орын, 12 бөлме) және 5 киіз үй жылы еденімен қамтылған, бассейн, сақ моншасы, шатыр(беседка), туристерге қызмет көрсету көлігі жағдайларымен қамтамасыз етілген. Туристерді қабылдау, гид аудармашы, конференц зал, облыстық және ауданның туристік маршрутына енген нысандарға экскурсиялық саяхат қызметтері жоспарланған. Жаңадан 15 адамға жұмыс орны қаралған. Жоспар бойынша күніне 30 туристке дейін, жылына 1000 туристке қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Жобаның іске асу мерзімі 2020 жыл. Алайда, бүгінгі таңда қаржы жетіспеуіне байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр.

Толығырақ...

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ!

96591679 1318080385248917 1911436673523122176 o Ауа райының болжамына сәйкес аудан аумағында ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері нɵсерлi жауын-шашынның жаууы күтілуде. Салдарынан өзен, су қоймаларында су деңгейінің көтерілу қауіпі жоғары. Осыған орай, аудандағы су тасқыны мəселесiнiң алдын-алу мақсатында аудан әкімі Н.Байғұт жалпы жағдайды зерделеп, ɵзен су арналарын, каналдар мен арық-атыздарды тазалау жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау жɵнiнде жауапты орынбасарына, ТЖБ басшылығына, бɵлiм басшылары мен ауыл əкiмдерiне және тиiстi сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

ХАЛЫҚ КӨП ШОҒЫРЛАНАТЫН ОРЫНДАРДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!

WhatsApp Image 2020 05 12 at 15.17.18 Бүгін Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Н.Нышановтың ағымдағы жылдың 10 мамырындағы №17 қаулысын сәйкес, аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топтар аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында, Түлкібас және Састөбе кенттерінде түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Жалпы үш аймаққа аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен бастаған құрамында: аудандық кәсіпкерлік, ішкі саясат, денешынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ТҮКШЖК және АЖ бөлімі, құрылыс, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, полиция мен ауылдық округ әкімдері және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері үш мобильді топтарға бөлініп, базарлар мен сауда орталықтарында және КазПочта мекемелері мен орталық көшелерде

Толығырақ...

АУДАН ӘКІМІ САСТӨБЕ КЕНТІ МЕН БАЛЫҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

WhatsApp Image 2020 05 11 at 15.55.59 1 Аудан әкімі Састөбе кенті мен Балықты ауылдық округінде жұмыс сапармен болып, округтер аумағындағы кәсіпкерлік пен әлеуметтік нысандардың бүгінгі жай-күйімен танысты.

Бірінші кезекте аудан басшысы ауданымыздағы ең ірі кәсіпорын саналатын Састөбе кентіндегі «Састөбе ТЕХННОЛОДЖЕС» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Састөбе кентімен қатар, көрші жатқан ауылдық округтердің біршама тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында бүгінгі таңда 5 жүз адам екі кезеңмен жұмыс істейді. Кәсіпорын тәулігіне 450 мың тонна цемент, 100 мың тонна әк шығарады. Бүгінгі таңда кәсіпорынның шикізат қоры 61 миллион тоннаны құрап отыр. Мамандардың болжамы бойынша бұл қор 65-70 жылға жетпек.

Толығырақ...

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН 6 БАЛА ҮЙЛІ БОЛДЫ!

WhatsApp Image 2020 05 11 at 15.48.16 Екі жылдан бері аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға бүгінгі күнге дейін жан-жақты қолдаулар көрсетіліп келген. Бүгін міне жомарт жандардың ат салысуымен қолдау үстіне қолдау болып, жаңа баспанада қоныс тойын тойлағалы отыр.
Бүгін қасиетті рамазан айының күнтізбесіндегі 18-ші күні "Харекет" қайырымдылық қоры Түлкібас ауданында ата-ана қамқорлығынсыз қалып тағдырдың ауыр тәлкегін бастарынан өткеріп жүрген 6 балаға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйдің кілтін сыйға тартты.
Шарада кілтті табыстау құрметіне Түлкібас ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек ие болды.
Осы күнге дейін бес бауырымен нағашы апасының қолында тұрып келген Шалыпова Нұрсұлу Абайқызы бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бағдарламалық қамтамасыз ету маманы болып жұмыс істейді.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg