Бас мәзір

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер!

WhatsApp Image 2020 05 11 at 09.06.53 Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.
Бүгінгі таңда ауданымызда отан үшін, келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін сұрапыл соғысты көзімен көріп, қиындығын кеудесіне жиған жеңіс жауынгерлерінің 5-еуі ғана арамызда. Олар біздер үшін үлкен қазына. Ешнәрсемен тең келмейтін ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Қандай құрметке болсын лайық ардагерлерімізді құрмет тұтып, қадірлеу біздің азаматтық парызымыз.

Толығырақ...

Құрметті түлкібастықтар!

WhatsApp Image 2020 05 11 at 09.06.53 Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Бүгінде еліміздің әскері егемендіктің тірегіне, бейбіт өміріміздің тұрақтылық пен тыныштықтың кепіліне айналды. Күш-қуаты жылдан жылға артып келе жатқан мемлекетіміздің әскерін еліміздің барша халқы мақтан етеді.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген даналық сөз бар. Осыған орай қастерлі Отанымызға қызмет ету және оны қорғау – әрбір еліміздің азаматының қасиетті борышы, азаматтық парызы. Даңқты қолбасшы, ержүрек батыр Б.Момышұлы «Отан үшін отқа түс – күймейсің», – деген өшпес өсиеті – әрбір Отан қорғаушының мәңгілік ұраны болатынына сенімдіміз.

Толығырақ...

«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ - ӘР ПЕРЗЕНТТІҢ ПАРЫЗЫ»

WhatsApp Image 2020 05 11 at 09.08.09 Бүгін Келтемашат ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысу барысында аудан әкімі Н.Байғұт Жиынбай ауылына арнайы ат басын бұрып, ауыл тұрғындары есебінен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бой көтерген ескерткіште болды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», – деген еді. Осы мақсатта ауданымызға қарасты Жиынбай ауылында ауыл тұрғындарының ұйытқы болуымен осы ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанған 85 ер азаматтың есімі жазылған ескерткіш бой көтерді.

Толығырақ...

АУДАН БАСШЫСЫ КЕРШЕТАС АУЫЛЫНДАҒЫ «БОЛАТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛЫЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

WhatsApp Image 2020 05 11 at 09.11.06 Бүгін аудан әкімі жұмыс сапарын Келтемашат ауылдық округіндегі «Болат» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан бастады.
Шаруа қожалық жылына 30 соттық жылыжайға екі рет қызанақ егіп, 60 тонна өнім алуда.

Шару қожалықтың төрағасымен сұқбат құрған аудан әкімі бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылып жатқан қолдауларды кеңінен түсіндіріп, кәсібін ұлғайтқысы келген жағдайда әр қашанда қолдауға дайын екенін жеткізді.
Аудан басшысына құлақ асқан кәсіпкер, алдағы уақытта «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы кәсібін ұлғайтуға ниеті бар екенін айтты.

Толығырақ...

ШАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢАДАН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

WhatsApp Image 2020 05 05 at 17.40.56 1 Бүгін аудан әкімі Н.Байғұт Шақпақ ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Бірінші кезекте аудан әкімі Шақпақ-баба ауылдық округін ауыз сумен қамтып отырған ауыз су жүйесінің бастауымен танысты.
Жалпы Шақпақ-баба ауылында 708 үй боласа, соның 384 үйі осы бастау жүйесі арқылы су ішіп отыр. Ал, қалған тұрғын үйлер ескі жүйе арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда ауыз су жүйесін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 473 млн.теңгеге жобалық сметалық құжаттар дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылған. Бюджеттен қолдау тапқан жағдайда жөндеу жұмыстары биылдан қалмай іске асатын болады.
Сонан соң, аудан басшысы округ орталығындағы «Шақпақ» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратымен танысты.
1904 жылы соғылған ғимарат бүгінгі таңда әбден ескірген. Ғимараттың бүгінгі жағдайын өз көзімен көрген аудан басшысы құрылыс бөлімінің басшысына биылдан қалдырмай ғимарат алдына жаңа спорт мектебі құрылысына құжаттар дайындауды тапсырды.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg