Бас мәзір

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне орай мәдени іс-шара

03.12.14 2Түлкібас ауданы, Аудандық мәдениет үйінде Ауыл  шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне орай  28 қараша күні мәдени  іс-шара ұйымдастырылды. Мерекені Түлкібас ауданының әкімі Абдуалиев Қайрат Амангелдіұлы ашып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтады. еңбек ардагерлері мен еңбек озаттарын алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Толығырақ...

Жыл басынан бері ауданда 5 балабақша ашылды

03.12.14 12014 жылдың басында ауданда 23 балабақшада 2945 бала, мектеп жанындағы 38 шағын орталықта 1514 бала қамтылып, барлығы 3-6 жастағы 4459 бала қамтылып, ол 67,8 % құрады.
2014 жылдың ақпан және сәуір айларында Т.Рысқұлов елді мекенінен  «Балдәурен-Әлемі» балабақшасы» ЖМ 2 топтық 50 балаға арналған және «Камшат-1» балабақшасы» ЖМ 5 топтық 150 балаға арналған балабақшалар  ашылды және Азаттық елді мекеніндегі жұмыс істеп тұрған «Айзере» балабақшасынан қосымша 2 топ 50 бала қамтылды. Сонымен  қатар наурыз айында 2 мемлекеттік балабақшадан инклюзивті топтар ашылды. Олар: «Балдырған» балабақшасы МКҚК-нан 1 топ  12 бала және «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК-нан 2 топ 24 бала, барлығы 36 қамтылды. 

Толығырақ...

Облыстық ақпараттық насихаттық топ ауданға келді.

02.12.14 3Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы  11 қарашадағы «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған облыстық үгіт-насихаттық топ мүшелері кездесу өткізді.

Кездесуді аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов ашып, жүргізіп отырды.
Жиында Елбасы Жолдауы жайында     облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, топ жетекшісі Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы,  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент міндетін атқарушы Төребаев Омарқұл Әкімбайұлы баяндама жасады.   

Толығырақ...

Дауан ауылының жаңадан соғылған бірқатар үйлеріне көгілдір отын берілді.

02.12.14 2Майлыкент ауылдық округі әкімшілігіне қарасты Дауан елді мекеніндегі  Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М.Жанисенов,  Майлыкент ауылдық округінің әкімі С.Таңатбаев,    қатысуымен  көгілдір газ қосылып, пайдалануға берілді.      Мекеме басшылары  ауыл тұрғындарының үйлерінде болып, газдың қосылу сәтіне қатысты.     

Толығырақ...

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ауданда жаңа спорт кешені ашылды.

02.12.14 11 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын дархан Түлкібас өңірінде ауқымы кең іс-шаралар өткізілді. Аудандағы барлық ауылдық округ, поселкелерде «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, кездесулер, спорттық  жарыстар ұйымдастырылды.
М.Х.Дулати атындағы мәдениет сарайында    1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік салтанатты жиын болып өтті. Жиында аудан тұрғындарын аудан әкімі Қ.Абдуалиев, жазушы –журналист Байдулла Қонысбек, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты М.Байғұт сөз сөйлеп, Елбасы жайлы ойлы-ойлы пікірлер білдірді. Жиын барысында еселі еңбек етіп жүрген бір топ  азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg