Бас мәзір

Мамандық таңдауға арналған кездесу өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің«Жастар орталығының» ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінде мамандық тандау тақырыбында 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық «Жастар орталығының» директоры М.Қалтаев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкері Д.Нарымбетов, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің оқытушысы Р.Маженов, аудандық төбе биі Ж.Шонанов және Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенті А.Қадырбеков қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Толығырақ...

Тілдердің үштұғырлығы-болашақтың бастауы

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылындағы М. Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясында қазақ, орыс, ағылшын тілі пән мұғалімдерінің «Тілдердің үштұғырлығы-болашақтың бастауы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Толығырақ...

Мәуліт мерекесі өткізіледі

25 қаңтар күні Түлкібас аудандық М.Х.Дулати атындағы мәдениет сарайында «Асыл мұра» өнер орталығы өнерпаздарының қатысуымен және орталық «Түлкібас ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Мәуліт» мерекесі өткізіледі. Кеште діни әндер орындалып, терме, жырлар шертіліп, сахналық көріністер көрсетіледі. Сұрақ-жауап және түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Әралуан сыйлықтар таратылады. Келіп көремін деушілерге есік ашық.

Футболдан чемпионат басталды

Кіші футболдан ересектер арасында Түлкібас ауданының ІV-чемпионаты басталды. Чемпионатқа 12 команда тапсырыс беріп, қазіргі таңда командалардың айналымдағы ойын кестесі бекітіліп аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері кешкі сағат 19 00 -21 00 және жексенбі күні 10 00 ден 19 00 аралығында өткізіліп отырады. Жарыс ақпан-наурыз айлары аралығында өткізіледі. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ауыспалы кубогы және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

«Жас Отан» жастар қанатының отырысы өтті.

Түлкібас аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жас ұлан» ұйымдарының кезектен тыс отырысы өтті. Жиында «Жас Отан» жастар қанатының кеңес құрамын қарау, 2013 жылға арналған жылдық жоспарларды талқылап бекіту, сонымен қатар ауылдық округ, поселкелердегі «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшыларын қайта сайлау мәселелері қаралып, шешімдерін тапты.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg