Бас мәзір

Жасөспірімдер арасында асық ату, нысана көздеу, кермеге тартылу және 100м, 200м, 400м, 800м қашықтыққа жүгіруден аудандық турнир

2014 жылдың 18 сәуірінде Т. Рысқұлов ауылындағы орталық стадионда жасөспірімдер арасында асық ату, нысана көздеу, кермеге тартылу және 100м, 200м, 400м, 800м қашықтыққа жүгіруден аудандық турнир өтті. Жарысқа 80-ге жуық жасөспірімдер қатысып, жүлделі орындарды иеленген жас спортшыларға аудандық спорт бөлімінің арнайы дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

"Парктер шеруі- 2014" акциясы бойынша аудандық мәдениет үйінің алдында іс- шаралар болып өтті.

Майлыкент ауылдық округіне қарасты аудандық мәдениет үйінің алдында  2014 жылдың 11 сәуір күні Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы  «Парктер шеруі - 2014», табиғатты қорғау акциясының ашылуына байланысты  салтанатты іс – шара болып өтті.  Іс –шараға аудандық білім беру мекемелері, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысып, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ө.А. Маткеримов пен Ақсу-Жабағылы қорығының директоры А. Меңлібеков сөз сөйлеп,аудандық мәдениет үйінің әншілерінің әндерімен ұласты. Іс- шараның соңында ауданның орталық саябағын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары, ағаш отырғызу, құстарға үйшік ілу және Т.Рысқұлов ауылының айналасын қоқыстан тазалау жұмыстарымен жалғасты.

«Тіл – халықтар достығының дәнекері» атты республикалық байқауы

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақ халқын жоғалтпай қазақ қалпында бүгінге жеткізген ана тілі – қазақ тілі. Қазақ халқының мәңгілік мекені Қазақстан мемлекетін жасампаз мемлекетке айналдыру үшін ұлт тілі – қазақ тілін дәрежелеуіміз керек. Әр ұлттың  ұрпағы мемлекетінің, ата-бабасының тарихын өз ана тілінде оқып білуі тиіс.

Толығырақ...

«Тіл – атадан қалған асыл мұра» атты семинар

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламалары да ашылып жатыр. Бағ-дарламалардағы тілді меңгеру жүйесіне қатысты атқаратын шараларға, келешекте тындыруға тиісті істерге үлес қосу парызымыз. Өсер ел алдымен тілін қадірлейді.

Толығырақ...

Түлкібас ауданының маслихатының 20 жылдығына орай волейболдан ересектер арасында аудандық турнир

2014 жылдың 15 сәуірінде Т.Рысқұлов ауылындағы БЖСМ спорт залында аудандық маслихаттың 20 жылдығына орай волейболдан ересектер арасында аудандық турнир өтті. Жарысқа аудан көлемінен 10 команда қатысып, тартысты өткен жарыстың нәтижесінде І-отырды Мыңбай командасы, ІІ-орынды Маслихат командасы және ІІІ-орынды Жабағлы командалары иеленді. Жүлделі орындарды иеленген командалар мен жекелей үздік атанған ойыншыларға өз дәрежесінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg