Бас мәзір

Ауданда бағаны тұрақтандыру бойынша жиын болып өтті

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында азық түлік, жанар –жағармай бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы жиын болып өтті. Жиынды аудан әкімі Қ.Абдуалиев жүргізді. Жиынға мекеме басшылары мен ауылдық округ, поселке әкімдері, аудандағы барлық дүкендер мен тойханалар, базарлар мен наубайханалардың иелері қатысты. Аудандағы азық-түлік пен жеміс-жидектер, тағы басқа заттарды бағасы жайында аудан әкімінің орынбасары Н.Ізтілеуов баяндама жасады. Баяндама барысында ауданда бағаны тұрақты екенін жеткізді.

Толығырақ...

Аудан әкімдігінің мәжілісі болып өтті

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің төрағалығымен мәжіліс болып өтті. Алдымен мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған аудан әкімінің кеңесшісі Г.Күдериева, аудандық құрылыс, сәулет құрылысы бөлімінің бас маманы Ш.Қуанышбеков, Мичурин ауылдық округінің бас маманы Е.Мейірманов ант қабылдап, аудан әкімі жаңадан қабылданған қызметкерлерге табыс тіледі. Күн тәртібінде бағаны тұрақтандыру, тазалық, баспасөзге жазылу, су тасқынын алдын алу жайында сұрақтар қойылып, тиянақты жауаптар берілді.

Толығырақ...

«Батыс Европа –Батыс Қытай» автомобиль жол дәлізінің құрылысы қарқынды жүруде

«Батыс Европа -Батыс Қытай» автомобиль жол дәлізі Түлкібас ауданынан жалпы ұзындығы 59 км  өтеді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы шекарасынан Жаскешу ауылының көпіріне дейін Ирандық «Денорахсаз» компаниясы, ары қарай Сайрам ауданы шекарасына дейін Қытайлық «Синохайдро» компаниясы жұмыс істеуде. Аталған компаниялар бірлесе жұмыс атқарудамыз. Атап айтар болсақ, Ирандық  «Денорахсаз» компаниясы Жаскешу ауылы мен Шақпақ ауыл арасындағы  36    шақырымды жолды жөндеп берді. Аталған ауылдардың арасында 8 елді-мекеннің жолдары жөнделді. Сонымен қатар аталған компанияда 421 жерлесіміз жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс барысында ауданның ерекшелігігін ескере отырып, республика бойынша бірінші рет жер асты жолы  (тунель) құрылысы жүруде. Жер асты жолы 800 м шақырымды құрап отыр. Бұл жол аудандағы Шақпақ баба ауылында орнналасқан.

Толығырақ...

Жастар арасында спорттық іс-шаралар өтті

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, қатерлі дертен бойларын аулақ ұстау, спортқа баулу, спортқа шақыру мақсатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбында спорттық іс-шара болып өтті. Іс-шараға аудандағы Шақпақ, Састөбе, Т.Рысқұлов ауылдарының спорт мектептерінің оқушылары қатысты. Алдымен Т.Рысқұлов ауылындағы С.АХметов, Жантуров, Бағысбаев көшелерімен оқушылар жүгіріп, жарысты. Сонымен қатар арқан тартудан, асық атудан, қол күрестен жарыстар ұйымдастырылды. Жарыста жеңімпаз атанғандар алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

Толығырақ...

Ауданда жаңа нысандар ашылып пайдалануға берілді

Түлкібас ауданының бірқатар ауылдарында жаңа нысандар ашылып, халық игілігіне берілді. Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында облыстық бюджеттен 3 млн 200 мың теңгеге полиция пунткі салынып, салтанатты түрде ел игілігіне берілді.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg