Бас мәзір

Түлкібас поселкесінің елді мекендерінде тазалық жұмыстары жүргізілді

25 қаңтар күні Түлкібас поселке әкімі Б.Кулманбетовтың бастамасымен "Түлкібас поселке әкімі аппараты" КММ мамандары және поселкеде орналасқан мекемелер бойынша барлығы 86 адам сенбілікке тартылды. Сонымен қатар АТК "МБН" Б.Матышевтың МТЗ-80 - 1техникасы және "Алтын дән" ЖШС мекемесінің ЮМЗ -60 - 1 техникасы жұмылдырылып елді мекендегі 300 метр арық атыздар қар мен мұздан тазартылды, 13 көшенің қары сырылды және 100 метр латоктар тазаланды.

Баскетболдан ересектер арасында аудан біріншілігі

25 қаңтар күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық БЖСМ ойын залында ауданымыздың спорт саласында коп еңбек еткен, аудандық орталық стодионның меңгерушісі Сүгірбеков Нұрсейіттің зейнеткерлікке шығуына байланысты баскетболдан ересектер арасында аудан біріншілігі өтті. Жарысқа аудан көлемінен 17 команда қатысып тартысты да қызықты жарыстың нәтижесінде І-орын Шақпақ-баба БЖСМ командасы, ІІ-орын Шұқырбұлақ командасы және ІІІ- орынды аудандық БЖСМ командасы иеленді. Жүлделі орын иеленген командаларға жарыстың демеушілері есебінен ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Ауданда арықтар мен каналдар тазартылды

2014 жылдың 25 қаңтар күні Аудандық жалпы сенбілік күніне орай, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері мен 25 ауылдық мәдениет мекеме қызметкерлерімен кітапхана және мәдениет мекемелерінің айналасын қардан, мұздан, су ағатын арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Кіші футболдан Түлкібас ауданының V-ші Чемпионаты

26 қаңтар күні Майтөбе ауылындағы БЖСМ ойын залында Кіші футболдан Түлкібас ауданының V-ші Чемпионаты басталды.
1. Чемпионаттың негізгі мақсаты: 
- Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Спорт ғимараттарын тиімді пайдалану;
- Спорттық достық қарым-қатынасты нығайту және ұлттарды өзара біріктіру;
- Ауданның құрама командасын анықтау:

Толығырақ...

Дәстүрім - рухани байлығым

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Түлкібас ауданында Азаттық ауылындағы Мәдениет үйінде ауданда тұратын ұлттардың салт-дәстүрін насихаттау, ұлтаралық татулықты нығайту, талантты және дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында  «Дәстүрім - рухани байлығым» атты тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg