Бас мәзір

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында азық түлік, жанар –жағармай  бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы жиын болып өтті. Жиынды аудан әкімі Қ.Абдуалиев жүргізді. Жиынға мекеме басшылары мен ауылдық округ, поселке әкімдері, аудандағы барлық дүкендер мен тойханалар, базарлар мен наубайханалардың иелері қатысты. Аудандағы азық-түлік пен жеміс-жидектер, тағы басқа заттарды бағасы жайында аудан әкімінің орынбасары Н.Ізтілеуов баяндама жасады. Баяндама барысында ауданда бағаны тұрақты екенін жеткізді. Жиынға қатысушылар өз тараптары жайында түрлі сұрақтар қойып тиянақты жауаптар алды. Жиынды аудан әкімі Қ.Абдуалиев қорытып, барлық сауда орындарының басшыларына бағаны қымбаттатпай бір қалыпты ұстауды тапсырды. Сонымен қатар бағаны тұрақтандыру жайында аудан әкімдігі жанынан штаб құрылып, бақылау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

«Қиын бала қайдан шығады» атты аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

«Алғабас»жалпы орта мектебінде аудан мектеп оқушылары және сынып жетекшілері, аудандық білім бөлімінің мамандары, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімше бастығы, полиция майоры Н.Мұздыбаевтың қатысуымен «Қиын бала қайдан шығады»? тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты мектеп оқушылары арасындағы қылмыспен құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу жұмыстарын нығайту. Аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы М.Тургунбаев кіріспе сөз сөйлеп дөңгелек үстелді ашты.

Толығырақ...

Кітапхана – рухани байлығымыз

Кітап –адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл- кеңес,тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап-біздің рухани жан-азығымыз. Міне, осындай мақсатта  Абай атындағы мектеп лицейінде «Кітапхана – рухани байлығымыздың ақыл-білімнің, парасат пен имандылық ордасы» атты тақырыпта кітапхана қызметкерлері К.Шындалиева және А.Жетпісбаеваның ұйымдастыруымен аудандық семинар өтті.

Толығырақ...

«Дене шынықтыру –денсаулық, спорт –ел намысы».

Түлкібас аудандық білім бөлімінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 3-2/1349 ережесіне сәйкес, аудан мектептерінің оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру, Отанды қорғауға, еңбекке дайындау, жастар арасында халықтар достығын құрметтеуді және аудандық құрама командаларын құру үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай волейболдан аудан мектеп оқушыларының дәстүрлі 62- ші аудандық спартакиадасы өтті. Спартакиаданың жарыстары айына 1 рет өткізіліп отырады. Спартакиаданың мақсаты Ел басының «Қазақстан -2050» бағдарламасындағы тапсырмасына сәйкес оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және спортпен шұғылданушылардың санын 30 пайызға дейін жеткізу болды. Спартакиаданың жарыстары оқушылардың санына қарай 4 топқа бөлінген мектептердің арасында өткізілді. 2014 жылы 24 қаңтарда Спорт мектебі, Абай МЛ, Ломоносов МГ және Құралай ЖОМ спорт кешендерінде волейболдан оқушылардың 62-ші аудандық спартакиадасының жарысы өтті. Спартакиадаға 37 мектеп қатысты.

Толығырақ...

Түлкібас поселкесінің елді мекендерінде тазалық жұмыстары жүргізілді

25 қаңтар күні Түлкібас поселке әкімі Б.Кулманбетовтың бастамасымен "Түлкібас поселке әкімі аппараты" КММ мамандары және поселкеде орналасқан мекемелер бойынша барлығы 86 адам сенбілікке тартылды. Сонымен қатар АТК "МБН" Б.Матышевтың МТЗ-80 - 1техникасы және "Алтын дән" ЖШС мекемесінің ЮМЗ -60 - 1 техникасы жұмылдырылып елді мекендегі 300 метр арық атыздар қар мен мұздан тазартылды, 13 көшенің қары сырылды және 100 метр латоктар тазаланды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg