«Қазақстан - 2050 стратегиясы: Бір – ел, бір – мақсат, бір - болашақ» атты үздік оқырмандар фестивалі өтті.

«Қазақстан - 2050 стратегиясы: Бір – ел, бір – мақсат, бір - болашақ» атты үздік оқырмандар фестивалі өтті.

Аудандық білім бөлімінің № 139 бұйрығы бойынша 19.04.2014 жылы Балықты ауылының мәдениет үйінде «Қазақстан - 2050 стратегиясы: Бір – ел, бір – мақсат, бір - болашақ» атты үздік оқырмандар фестивалі өткізілді. Мектеп кітапханашылары үш аймаққа бөлініп, әр аймақ өздеріне берілген тақырыптар бойынша концерттік бағдарламаларын алып келді. 1-аймақ: Қазақстан Республикасының Астанасы мен Қазақстан Республикасының Президенті туралы оқырмандардың шығармашылығын паш ету. 2-аймақ: Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын, татулығы мен достығын көрсету 3-аймақ: Қазақстан Республикасының жетістіктері мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кітаптарын насихаттау. Мәдениет үйінің фойесінде әр аймақ өз тақырыптарына сай кітап көрмесін жасап, әр аймақтың белсенді  кітапханашылары көрмемен таныстырды. Аудандық білім бөлімінің  әдіскері Амангелдиев Ерғазы фестивальдің бағдарламасымен таныстырып, кітапханашылар мен оқырмандарға сәттілік тіледі.

       3-аймақ «Қазақстан Республикасының жетістіктері мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кітаптарын насихаттау»  тақырыбына дайындаған концерттік бағдарламасымен ашты. «Балалық шағымның аспаны» атты сахналық қойылымын көрсетті.

       2- аймақ: «Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын, татулығы мен достығын көрсету» тақырыбында өздерінің дайындаған сценариі бойынша концертті жалғастырды.

       1-аймақ: «Қазақстан Республикасының Астанасы мен Қазақстан Республикасының Президенті туралы оқырмандардың шығармашылығын паш ету» тақырыбында оқырмандардың өнерлері көрсетілді.

     Үздік оқырмандардың формулярларын арнайы құрылған комиссия мүшелері тексеріп, ауданның  34  мектебінің ішінен ең үздік 15 оқырманды анықтады.  Ауданның 9  іскер кітапханашылары  анықталып,  марапатталды. Аудандық білім бөлімінің  әдіскері Амангелдиев Ерғазы комиссия мүшелері  анықтаған үздік оқырмандар мен іскер кітапханашыларды марапаттады.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg