Кемербастау ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Кемербастау ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының                14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 6 сәуірдегі  Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Кемербастау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Кемербастау ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар берілсін:       

1) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Күмісбастау ауылындағы атауы жоқ көшеге Керуен атауы;

2) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Елтай ауылындағы атауы жоқ көшеге Шақпақ атауы;

3) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшеге Атамакен атауы;

4) Кемербастау ауылдық округіне қарасты, Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшеге Теректі атауы;

2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Кемербастау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg