Келтемашат ауылдық Округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атау беру туралы

Келтемашат ауылдық Округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атау беру туралы

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993жылғы 8желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 6 сәуірдегі Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Келтемашат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Келтемашат ауылдық округіндегі атаусыз көшелерге атау берілсін:       

 1)  Келтемашат ауылдық округі, Кершетас   ауылындағы атауы жоқ көшеге Нұршуақ атауы;

          2)  Келтемашат ауылдық округі , Жиынбай  ауылындағы атауы жоқ көшеге Шапағат атауы берілсін.

          2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

          1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

  2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

          3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

          4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

          3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

          4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg