Майлыкент ауылдық округіне қарасты шағынаудандарды қайта атау туралы

Майлыкент ауылдық округіне қарасты шағынаудандарды қайта атау туралы

                                                                                                                                                                                                                                                                 ЖОБА

                                                                                               «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 10 қазандағы Түркістан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Майлыкент ауылдық округі әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов елді мекенінің «Телевышка» шағынауданын Көкжайлау шағынауданы деп қайта аталсын,

2. Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов елді мекенінің «ДСУ-1» шағынауданын  Күншуақ  шағынауданы деп қайта аталсын.

3. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді  Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Мусралиевке жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әкімнің міндетін уақытша атқарушы                            З.Мырзабаев

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg