Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтер

Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтер

         «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»  Қазақстан  Республикасының  2005  жылғы  8  шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ

         1.Түлкібас ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Түлкібас аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы  

 

 

Аудандық  мәслихаттың

хатшысы                                                                                   С.Сейсенбаев

 

Түлкібас аудандық мәслихатының

2018 жылғы «     » ____________

№       шешіміне

қосымша

Күші жойылған Түлкібас аудандық мәслихатының шешімдерінің тізбесі

1. «Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі №19/4-05 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2381 тіркелген, 2013 жылы 25 қазанда «Шамшырақ» газетінде);

2. «Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі                  №19/4-05 «Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №36/10-05 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2968 тіркелген, 2015 жылы 30 қаңтарда «Шамшырақ» газетінде және 2015 жылғы               3 ақпанда Қазастан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg