КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Түлкібас аудандық Қоғамдық кеңесі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізіледі. Қоғамдық кеңестің жұмыс тобын қалыптастыру үшін 10 күн мерзімде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде кандидатуралар ұсынылуы қажет. Жұмыс тобына ұсынылатын кандидатуралар мына талаптарға сәйкес келуі тиіс.

1.Түлкібас ауданының аумағында тұратын 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс тобының мүшелігіне кандидат бола алады.

Жұмыс тобы мүшелігіне кандидат:

1) соттылығының болмауы;

2) сот тарапынан заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

3)психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Ескерту: азаматтар мен коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан жұмыс тобына бір ғана өкіл сайлана алады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей мәслихаттан немесе 52-216 телефоны арқылы аудандық мәслихат аппаратының бөлім меңгерушісі Нұрлыбаев Болат Қысырауұлынан алуға болады.

Ұсыныстарды қабылдау 2019 жылдың 5-ақпаннан бастап, 18 ақпан он жұмыс күн аралығында сағат 09:00-ден бастап, 19:00-ге дейін дүйсенбі мен жұма аралығында жүргізіледі, үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

Мекенжай: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, Тұрар Рысқұлов көшесі №201үй. Байланыс телефоны: 52-216. Электронды мекенжай: t _maslihat@mail.ru

Түлкібас аудандық

мәслихатының хатшысы                                              С.Сейсенбаев

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg