ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түлкібас  аудандық Қоғамдық кеңесі жұмыс тобының отырысына байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізіледі. Байқаушылар тізімін қалыптастыру үшін 10 күн мерзімде коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жазбаша түрде кандидатуралар ұсынылуы қажет. Байқаушыларға ұсынылатын кандидатуралар мына талаптарға сәйкес келуі тиіс.

1. Түлкібас ауданының аумағында тұратын 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушыларға кандидат бола алады.

Байқаушыларға кандидат:

1) соттылығының болмауы;

2) сот тарапынан заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

3)психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей мәслихаттан немесе 52-216 телефоны арқылы аудандық мәслихат аппаратының бөлім меңгерушісі Нұрлыбаев Болат Қысырауұлынан алуға болады.

Ұсыныстарды қабылдау 2019 жылдың 5-ақпаннан бастап, 18 ақпан он жұмыс күн аралығында сағат 09:00-ден бастап, 19:00-ге дейін дүйсенбі мен жұма аралығында жүргізіледі, үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

Мекенжай: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, Тұрар Рысқұлов көшесі №201үй. Байланыс телефоны: 52-216. Электронды мекенжай: t _maslihat@mail.ru

Түлкібас аудандық

мәслихатының хатшысы                                                         С.Сейсенбаев

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg