Түлкібас ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Түлкібас ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Түлкібас аудандық Қоғамдық кеңесінің сандық құрамын Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы- 3 мемлекеттік органдар өкілдері мен- 8 коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, азаматтардан тұрады деп айқындады.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 9 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Түлкібас ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс өткізетіндігі жайлы хабарлайды. Қоғамдық кеңестің мүшелерін қалыптастыру үшін 10 жұмыс күн ішінде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде кандидатуралар ұсынылуы қажет.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Қоғамдық кеңеске ұсынылатын кандидатуралар мына талаптарға сәйкес келуі тиіс.

1.Түлкібас ауданының аумағында тұратын 18 жасқа толған  Қазақстан Республиканың азаматтары Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1)соттытылығының болмауы;

2) сот тарапынан заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және  (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кіналі деп танылмаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдардан есепте тұрмауға тиіс.

2.Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Ескерту: азаматтар мен коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан жұмыс тобына бір ғана өкіл сайлана алады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей мәслихаттан немесе 52-850 телефоны арқылы  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Қоғамдық кеңесті қалытастыру жөніндегі жұмыс тобының хатшысы Алтынбеков Рахымжан Пірімжанұлынан алуға болады.

Ұсыныстарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап 11 наурыз аралығында, он жұмыс күн ішінде сағат 09:00-ден бастап, 19:00-ге дейін дүйсенбі мен жұма аралығында жүгізіледі, ізіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

Мекенжай: Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі-201, Түлкібас аудандық мәслихаты,  үй. Байланыс телефоны: 52-216. Электронды мекенжай: T-maslihat@mail.ru

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg